«Сандық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбындағы кездесуге шақырамыз!
2025 жылғы 9 қазанда IITU университетінде студенттерге арналған «Сандық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» атты кездесу өтеді. Іс-шараға «Еуразиялық банк» АҚ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысады.
Басталуы: 11:00
Өтетін орны: Бас ғимарат, акт залы
Кездесуде қатысушылар қаржылық алаяқтықтан қалай қорғану, жеке деректерді қорғау және онлайн-банкингті қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренеді.
Барлық студенттерді іс-шараға қатысып, сандық және қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз!