Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған кездесу
2024 жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен «Қоғамдық ұйымдардың коррупциямен күрестегі рөлі» тақырыбында кездесу өтеді. Іс-шара «Парасатты ұрпақ үшін» Қоғамдық қорының қолдауымен «Алматы - адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында коррупцияға қарсы төзімсіздікті қалыптастыру, академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ антикоррупциялық саясатты насихаттау.
Негізгі спикерлер:
- Мубарак Мукатаевич Ахметсафин – «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсендісі
- Марат Маутенович Калимолдин – «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Парасатты Ұрпақ үшін» Қоғамдық қорының президенті
- Гульбара Акматовна Джирембаева – «Адам және құқық» медиациялар мен заңгерлер одағының президенті, Қазақстан халықаралық полиция ассоциациясының хатшысы
- Ризабекова Шолпан Бостановна – «Ел-бірлігі» республикалық одағының президенті, заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер-эксперт
- Айжан Мирасбековна Баянова – «Адам және құқық» медиациялар мен заңгерлер одағының әкімшілік директоры
Өтетін орны мен уақыты:
ХАТУ, Манас көшесі, 34/1, аудитория 907 (9-қабат), басталуы 14:00-де.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Азиз Байназар (+7 708 299 67 17).