Ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру конкурсы
06.10.2025

Құрметті әріптестер!

Университетте бастамашылық ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруға арналған конкурс жарияланады. Барлық ниет білдіргендерді қатысып, өз жобаларын қарастыруға ұсынуға шақырамыз.

Конкурс бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі. Ережемен университеттің ішкі порталында танысуға болады.


Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазаннан 26 қазанға дейін.

Қаржыландыру сомалары мен бағдарламаның өзге де шарттары тиісті бұйрықта көрсетілген.

Өтінімдерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Жоба ғылыми жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленуі тиіс;
  • Күтілетін нәтижелер университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес келуі қажет.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін nauka@iitu.edu.kz электронды поштасына «Конкурсқа» деген белгімен жіберулеріңізді сұраймыз. Барлық құжаттардың дұрыс толтырылғанына және қоса тіркелгеніне көз жеткізіңіздер.

Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген мекенжайға хабарласыңыздар немесе ғылыми-зерттеу қызметі департаментіне 2445109 (ішкі 2093, 2032) телефоны арқылы қоңырау шалыңыздар.

Жобаларыңызды асыға күтеміз және конкурсқа сәттілік тілейміз!


Приказ о проведении конкурса_2025

шаблон заявки

Положение

Версия сайта для слабовидящих