Бос орындар жәрмеңкесі-2024
22.04.2024

Құрметті студенттер!


«Бос орындар жәрмеңкесі-2024» 2024 жылдың 24 сәуірінде өтетінін хабарлаймыз!


Бұл бірегей іс-шара Сізге ірі компаниялардың өкілдерімен танысуға, бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу талаптары туралы білуге мүмкіндік береді.


Жәрмеңке 19.04.2023 сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін университеттің автотұрағында өтеді!


Айта кету керек, көптеген ірі компаниялар мансап жәрмеңкелерін болашағы зор жас мамандарды табу тәсілі ретінде пайдаланады, сондықтан бұл іс-шараға қатысу табысты мансап жолындағы алғашқы қадам болуы мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс берушілер тағылымдамадан өтуге және өз мамандығы бойынша қажетті жұмыс тәжірибесін алуға дайын студенттерді іздейді.


Бағалы байланыстар орнату және алғашқы жұмысыңызды немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.


Біз Сіздерді бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде күтеміз!

Версия сайта для слабовидящих