«Қос диплом» бағдарламасы ХАТУ студенттері үшін шетелдік диплом мен әлемнің жетекші үш университетінде баға жетпес оқу тәжірибесін алудың бірегей мүмкіндігі болып табылады:
- UNIVERSITI TENAGA NASIONAL – Малайзия 3+1
- INHA UNIVERSITY – Оңтүстік Корея 2+2
- HOF UNIVERSITY OF APPLIED SCIENCES – Германия 3+1
- Adam Mickiewicz University - Польша 2+2
Қос дипломдық бағдарламалардың артықшылықтары қандай:
- білім беру ХАТУ және серіктес университеттерде Қазақстандық және әлемдік білім беру стандарттарына сәйес жасалған;
- халықаралық білім алу;
- ағылшын тілінің дәрежесін көтеру мүмкіндігі;
- жаңа мәдени және білім беру ортасына ену;
- бір оқу мерзіміне екі диплом;
- Қазақстанда да, шетелде де жұмыспен қамтуда еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік;
- білім берудің келесі сатысына шетелдік университеттерге түсу кезіндегі артықшылықтар.
Бағдарлама мақсаты:
Бағдарлама мақсаты – интернационалдандыру және шығармашылық мүмкіндіктері бар таланттарды бірлесіп дамыту арқылы жоғары білімді дамыту және екі ел арасындағы мәдени алмасуды нығайту.
📌Қысқаша сипаттама:
UNIVERSITI TENAGA NASIONAL - "Қаржылық Инженерия" және "Қаржылық Технологиялар" мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған
3+1 деген не?
ХАТУ-да 3 жыл оқиды
1 жыл (4 курс) Universiti Tenaga Nasional (UNITEN) университетінде оқиды.
UNITEN-те оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.
ИНХА УНИВЕРСИТЕТІ – "Экономика және Бизнес" кафедрасының студенттеріне арналған
ХАТУ-да 2 жыл оқиды
INHA Корея университетінде 2 жыл оқу.
INHA УНИВЕРСИТЕТІНДЕ оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.
HOF UNIVERSITY OF APPLIED SCIENCES– "Киберқауіпсіздік" және "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
ХАТУ-да 3 жыл оқиды.
HOF қолданбалы ғылымдар университетінде 1 жыл оқиды.
Хоф қолданбалы ғылымдар университетінде білім алу тегін.
Ұсыну үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Студенттің қолы қойылған және мобильді телефон нөмірі мен электрондық поштасы көрсетілген «ХАТУ» АҚ Ректорының атына өтініш толтыру, өтініш үлгісі.
- Ағылшын тіліндегі транскрипт (GPA 3,0 төмен емес).
- Бар болса, тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаттың көшірмесі (IELTS, TOEFL) немесе ағылшын тілінің мұғалімінен кем дегенде Intermediate деңгейде тілді меңгергендігі туралы растау (Тілдер кафедрасы).
- Паспорт көшірмесі.
- Мамандандырылған пән бойынша оқытушыдан ұсыныс хат.
Конкурсқа қабылдау ашылған кезде дедлайннан қалмай құжаттарды int@iitu.edu.kz Халықаралық бөлімнің поштасына жіберу қажет.
Толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласыңыз (803 кабинет).