Ғылыми кеңес туралы
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Ғылыми кеңесі университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және әдістемелік қызмет мәселелерін шешетін басқару органы болып табылады. Ғылыми кеңестің қызметі ұжымдық еркін талқылау және ашық отырыстарда мәселелерді шешу қағидаттарына негізделген.
Ғылыми кеңестің жиналыстары ай сайын өткізіледі, жылына екі рет университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізіледі. Бірінші жиналыста Ғылыми кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді.
ХАТУ Ғылыми кеңесі отырысының күн тәртібінің жобасын ғылыми хатшы кеңес мүшелерінің және мүдделі бөлімшелер басшыларының ұсыныстары бойынша қалыптастырады және ғылыми кеңес төрағасының қарауына ұсынады. Осыдан кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды дайындауға жауапты адамдар тағайындалады және ғылыми кеңес жиналысының алдын ала күні белгіленеді. Жауапты тұлғалар көрсетілген материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оларды ғылыми хатшыға Ғылыми кеңес жиналысы өтетін күннен он күнге дейін кешіктірмей, электронды және басып шығарылған түрде тапсырады. Қажеттілігіне қарай Ғылыми кеңестің қосымша жиналыстары тағайындалуы мүмкін.
Байланыс ақпараты:
«ХАТУ» АҚ Ғылыми хатшысы:
Есмурзаева Акнур Баглановна
8(7272)244-51-18 (2119)
Ғылыми кеңес туралы ереже
Ғылыми кеңес құрамы
Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үкіметінің өкілдері кіреді. Кеңес мүшелері университеттің жалпы жиналысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және мүшелердің тақ санынан тұрады, қазіргі уақытта олардың саны 33. Қажеттілігіне қарай университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Ғылыми кеңес мүшелері
№ | Ғылыми кеңес мүшелерінің аты-жөні | Лауазымы |
---|---|---|
1 | Исахов Асылбек Абдиашимович | «ХАТУ» АҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректор |
2 | Мустафина Аккыз Кураковна | Академиялық қызмет жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі |
3 | Есмурзаева Акнур Баглановна | Ғылыми кадрларды даярлау департаментінің директоры қызметін атқарушы |
4 | Дайнеко Евгения Александровна | Жаһандық серіктестік және қосымша білім беру жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі |
5 | Дузбаев Нуржан Токкужаевич | Цифровизация және инновациялар жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі |
6 | Колесникова Катерина Викторовна | Ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі |
7 | Дюсебаев Даурен Кумарханович | Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор |
8 | Алпысбаев Кайсар Серикович | Қаржы директоры, Басқарма мүшесі |
9 | Сеилова Нургуль Абадуллаевна | Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінің деканы |
10 | Мухамедиева Ардак Габитовна | Бизнес, медиа және басқару факультетінің деканы |
11 | Киикбаева Разия Максутовна | Тіркеу бөлімінің бастығы |
12 | Сунгурова Светлана Есеновна | Персоналды басқару және құжаттама департаментінің директоры |
13 | Ипалакова Мадина Тулегеновна | Ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі департамент директоры |
14 | Нәлгожина Нургуль Жомартовна | Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық жөніндегі департамент директоры |
15 | Аджибаева Ажархан Шоканкызы | Оқу-әдістемелік қызмет бөлімінің меңгерушісі |
16 | Касенова Алуа Данияровна | Маркетинг және PR департамент директоры |
17 | Семенюк Андрей Александрович | Техникалық қамтамасыз ету және IT қолдау департаментінің директоры |
18 | Даулетбек Ергали Турсунгалиулы | IITU Innovation орталығының директоры |
19 | Казбекова Жанат Бекетовна | Global Education департаментінің директоры |
20 | Найзабаева Лязат | «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі |
21 | Муханов Самат Бакытжанович | «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі |
22 | Шильдибеков Ерлан Жаржанович | «Экономика және Бизнес» кафедрасының меңгерушісі |
23 | Ниязгулова Айгуль Аскарбековна | «Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі |
24 | Ыдырыс Айжан Жумабаевна | «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының меңгерушісі |
25 | Бахтиярова Елена Ажибековна | «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі |
26 | Аманжолова Сауле Токсановна | «Киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі |
27 | Манапбаева Жаннура Жарканбековна | Тілдер кафедрасының меңгерушісі |
28 | Строков Евгений Николаевич | Әскері кафедраның меңгерушісі |
29 | Айтмагамбетов Алтай Зуфарович | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
30 | Велитченко Светлана Николаевна | Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры |
31 | Омаров Галым Буркитбаевич | Экономика және Бизнес кафедрасының қауымдастырылған профессора |
32 | Закирова Гульнара Демешовна | Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
33 | Ескендирова Дамеля Максутовна | Киберқауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
34 | Марат Нуртас | Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
35 | Толеубеков Рахат | Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы |