ХАТУ-дың тіл және әдістеме сарапшылары 4-6 қаңтар аралығында ZOOM онлайн- платформасында «Аралас оқыту модельдері. RAFT технологиясы» тақырыбында бірқатар тренингтер жоспарлап, өткізді. Бұл тренингтерге орыс тілін білмейтін балалардың сауаттылығын арттыру жобасына қатысқан Шымкент, Астана және Алматы қалаларындағы мектептердің мұғалімдері қатысты. Мұғалімдерге қолайлы болу үшін тренингтерді өткізу күндері қалалар бойынша, атап айтқанда: 4 қаңтар – Шымкент, 5 қаңтар – Астана, 6 қаңтар – Алматы деп бөлінді.
Бұл тренингтің жетекші спикерлері - ф.ғ.д., ХАТУ АҚ тілдер кафедрасының орыс тілі бойынша қауымдасқан профессоры Алиева Динара Асылханқызы және ағылшын тілі бойынша «Teaching Young Learners» сарапшысы Айнабаева Зульфия Махсұтқызы сөз сөйледі.
Алиева Динара RAFT технологиясы - белгілі бір тақырыптағы жазбаша мәтіндерді құрастыруға бағытталған педагогикалық әдіс екендігін атап өтті:
R – Role (Рөл) |
A – Audience (Аудитория) |
F-Forma (түр) |
T-Topic (тақырып) |
Рөлді анықтау үшін берілген тақырыпты кімнің аша алатынын анықтау керек |
Бұл мәтіннің кімге арналуы мүмкін екенін анықтау |
Жанрды, баяндау түрін таңдау |
Тақырыпты таңдау, мәтіннің не туралы болатынын, онда қандай негізгі идеялардың ашылатынын анықтау |
| None | None | None | None |
Алиева Динараның пікірі бойынша: "Бұл әдіс оқушыларды тақырыпты түрлі қырынан және әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыруға үйретеді, жазбаша тілдесім дағдыларына баулиды; сыни ойлауды үйретудің бір әдісі болып табылады, пайымдау жүйесін қалыптастырады, талдау, тұжырым жасау қабілетіне ықпал етеді".
Ұзақтығы 60 минут жүргізілген тренинг мұғалімдермен практикалық жұмыс атқаруға бағытталған. Сарапшы РАФТ технологиясы бойынша сабақты ұйымдастырудың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ұсынды. Алиева Динара түсіндіргендей: "РАФТ Бекеттерді ауыстыру немесе Төңкерілген сынып сияқты аралас оқыту үлгісі емес. Неліктен біз сабақты аралас форматта көрсету үшін осы модельді таңдадық? Тәжірибе барысында мұғалімдер бұл технологияның Akelius қосымшасының материалдары негізінде өнімді мәтін құру дағдыларын, сондай-ақ шет тілін үйрену кезінде өте маңызды болып табылатын жазу дағдыларын қалыптастырудағы тиімділігін атап өтті".
Динара Асылханқызы RAFT технологиясын қолдану мұғалім тарапынан да, оқушылар тарапынан да белгілі бір дайындықты қажет ететінін атап өтті. Мұғалім тапсырманы орындау нәтижесі қалай ұсынылатынын, атап айтқанда сабақта оқушылардың іс-әрекетінің нәтижелерін көрсету түрінде ме, әлде алдын-ала дайындалған үй тапсырмасы түрінде ме, сол жағын жақсы түсінуі керек. Тіл сарапшысы: «Келесі жоспар оңтайлы болып көрінеді: сабақта сабақтың теориялық материалдарын, көркем мәтіндердің мазмұнын талқылау; Akelius қосымшасында қосымша материалдармен жұмыс істеу, содан кейін топтар мен рөлдерді бөлуге көшу; сонымен қатар өнімді мәтіндерді үй тапсырмасы ретінде қалдыру немесе үй тапсырмасына рөлдер, тақырыптар, адресаттар туралы ойластыру, және сыныпта шығармашылық суреттермен, коллаждармен және т.б. сүйемелденетін мәтіндер құрастыру. Дайындық кезеңінде сіздер Akelius-те оқу материалдарын өте аласыз, бұл сіздерге сабақтың лексикалық материалын пысықтауға көмектеседі"-деп қорытындылады.

Тренинг соңында Динара Асылханқызы Akelius-ті пайдалану сабаққа шығармашылық, ойын элементтерін қосып, шығармашылық атмосфераны құруға көмектесетінін айтты.
Тренинг соңында жаңа материалды бекіту мақсатында қатысушыларға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар спикер Алиева Динара барлық қатысушыларға бірлескен жемісті жұмыстары мен тренинг қатысушыларының кері байланыстарына алғыс білдірді.
«Менің ойымша, біздің 3 күндік тренинг, ең алдымен, оқыту процесіне қызығушылық танытқан және қатысқан қатысушылардың көпшілігінің қосылуының, сондай-ақ тренинг барысында белсенді болуы және тапсырылған тапсырмаларды тренинг барысында орындауының арқасында сәтті өтті», - деп қорытындылады жоба үйлестірушісі, PhD, ХАТУ АҚ тілдер кафедрасының меңгерушісі Манапбаева Жаннура.