2025 жылдың 28–30 қаңтары аралығында "МУИТ" АҚ-ның тілдік және әдістемелік сарапшылары «TEFL оқытудағы ЖИ: инновациялық тәсілдер мен перспективалар» тақырыбында тренинг өткізді


Қаңтар айының соңында "МУИТ" АҚ-ның әдістемелік және тілдік сарапшылары, PhD, Тілдер кафедрасының ассистент-профессоры Манапбаева Ж.Ж. және MA in TESOL, Тілдер кафедрасының аға оқытушысы Айнабаева З.М. «TEFL (Teaching English as a Foreign Language) оқытудағы жасанды интеллект (ЖИ): инновациялық тәсілдер мен перспективалар» тақырыбында тренинг өткізді. Заманауи технологиялар шет тілдерін оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп жатыр. Жасанды интеллект (ЖИ) ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда (TEFL) жаңа мүмкіндіктер ашып, білім алу процесін анағұрлым жекелендірілген, тиімді және ынталандырушы етеді. Осы аспектілер АҚШ Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған TEFL оқытудағы ЖИ қолдануға арналған тренингтің негізгі бағытына айналды. 2025 жылдың 28-30 қаңтары аралығында өткен тренинг ағылшын тілін оқытуда ЖИ қолданудың негізгі аспектілерін қамтыды. Тренинг барысында келесі мақсаттар қойылды:

  • 350 EFL (English as a Foreign Language) мұғалімінің ЖИ туралы хабардарлығын арттыру;
  • 120 EFL мұғалімінің мүмкіндіктерін кеңейту және олардың оқыту әдістемесін жетілдіруі мен оқушылардың soft skills дамытуы үшін ЖИ құралдарын меңгеруін қамтамасыз ету;
  • TEFL жүйесінде 2-4 ЖИ платформасын енгізу арқылы студенттердің мотивациясын арттыру;
  • 1-3 ЖИ функциясын қолдану арқылы оқушылардың зерттеу дағдылары мен бағалау әдістерін жетілдіру;
  • ЖИ көмегімен этикалық нормаларға сәйкес онлайн-коммуникацияны дамыту;
  • ЖИ платформалары арқылы EFL мұғалімдері үшін үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

3333.png

Тренинг аясында координатор Манапбаева Ж.Ж. және сарапшы Айнабаева З.М. TEFL оқытуда ЖИ қолданудың инновациялық тәсілдерін ұсынды. Тренинг барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

  • AI-Driven Language Learning – ЖИ алгоритмдеріне негізделген мазмұнды бейімдеу және жекелендірілген курстар;
  • ЖИ-дің көпшілік алдында сөйлеу және презентация жасау дағдыларындағы рөлі – дауыс көмекшілері мен диалог симуляторларын қолдану;
  • Жазуды оқытудағы ЖИ – грамматика мен стильді автоматты түрде тексеру;
  • ЖИ көмегімен бірлескен оқыту – чат-боттар мен виртуалды көмекшілерді пайдалану;
  • Критикалық ойлау және мәселелерді шешуге арналған ЖИ – кейс-әдіс және ақпаратты ЖИ арқылы талдау;
  • Зерттеу жүргізудегі ЖИ – ақпаратты автоматты түрде іздеу және фактілерді тексеру;
  • Кері байланыс және бағалау үшін ЖИ – ақылды тестілеу жүйелері;
  • Коммуникациядағы этика және ЖИ – онлайн қарым-қатынастағы этикалық нормаларды сақтау;
  • Үздіксіз оқытуға арналған ЖИ – бейімделетін бағдарламалар мен виртуалды жаттықтырушыларды әзірлеу.

Рисунок2.png

Тренинг барысында сарапшылар қатысушыларды жасанды интеллектті қолдану мүмкіндігі бар Akelius платформасымен таныстырды.

Рисунок3.png

Жоба координаторы Жаннұра Жарқанбекқызы Akelius платформасында «Жеке көмекші» деп аталатын жасанды интеллект негізіндегі чаттың пайда болғанын көрнекі түрде көрсетті. «сөйлейтін дельфин» арқылы оқушылар әңгімелесіп, жазу дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорын байыта алады.

Рисунок4.png

Тренингке қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, ЖИ платформаларымен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе де жинақтады. Жасанды интеллектті TEFL оқытуда қолдану мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Осындай тренингтер арқылы педагогтар заманауи сын-қатерлерге бейімделу үшін қуатты құралдарға ие болады. TEFL оқытудағы ЖИ – бұл жай ғана технология емес, ол тілді оқыту процесін қайта ой елегінен өткізіп, оны әрбір студент үшін тиімді әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.


Версия сайта для слабовидящих