Басқарма

Басқарма Мәртебесі

Басқарма қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы органы болып табылады. Басқарма акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.

Басқарма Құзыреті

  • Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
  • Басқарма Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты жазбаша сұрау салуды алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  • Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен, сондай-ақ олардың әрқайсысы қоғаммен жасасатын еңбек шартымен айқындалады.
  • Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғам Жарғысының және қоғамның ішкі құжаттарының нормаларына, акционерлердің жалпы жиналысының, Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес қызметті жүзеге асыруға тиіс.
  • Басқарма мүшелері құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етеді, сондай-ақ қоғам қызметінің жетекшілік ететін бағыттары шегінде мәселелерді шешеді.
  • Басқарма мүшесі қоғам қызметінің жетекшілік ететін бағыттары шегінде құжаттарға қол қоюға құқылы.
Басқарма құрамы туралы мәліметтер

Департамент Аты-жөні Лауазымы e-mail Ішкі Қалалық
Басшылық Хикметов Аскар Кусупбекович Басқарма Төрағасы - Ректор akhikmetov@iitu.edu.kz 3308560
Басшылық Мустафина Аккыз Кураковна Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор, Басқарма мүшесі amustafina@iitu.edu.kz 2003 3308561
Басшылық Дайнеко Евгения Александровна Жаһандық серіктестік және қосымша білім беру жөніндегі Проректор, Басқарма мүшесі y.daineko@iitu.edu.kz 2010 2448389
Басшылық Дузбаев Нуржан Токкужаевич Цифрландыру және инновация жөніндегі Проректор, Басқарма мүшесі n.duzbayev@iitu.edu.kz 2095 2445107
Басшылық Колесникова Катерина Викторовна Ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі Проректор, Басқарма мүшесі kkolesnikova@iitu.edu.kz 2115
Басшылық Алпысбаев Кайсар Серикулы Қаржы директоры, Басқарма мүшесі kalpysbayev@iitu.edu.kz 2073 2448373
Версия сайта для слабовидящих