ХАТУ СТУДЕНТІНІҢ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҒЫ


Ректорат - Университеттің Ғылыми кеңесі мен өзге де басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала пысықтауды және олар бойынша ұсынымдар дайындауды қоса алғанда, Ректордың өкілеттіктерін, оның бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ететін Университеттің ағымдағы қызметін басқарудың алқалы жедел-кеңесші органы болып табылады.

Ректорат келесі негізгі қызметтерді жүзеге асырады:

v Ғылыми кеңес, Директорлар кеңесі және Басқарма шешімдерінің,

Университет Ректорының бұйрықтары мен нұсқауларын орындалуын ұйымдастырады, олардың Университет қызметкерлері мен білім алушылар тарапынан орындалуын қадағалайды.

v Университет қызметінің функционалдық бағыттары шеңберінде Ғылыми кеңестің, Директорлар кеңесінің және Басқарманың шешімдер қабылдауы үшін қажетті талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындайды, сондай-ақ тиісті міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

  • Университеттің ағымдағы қызметінің негізгі мәселелері бойынша бірлескен ұстанымды әзірлейді.
  • Университетті басқарудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған бұйрықтардың жобаларын талқылайды.
  • Университет қызметі туралы ақпараттық материалдарды қалыптастырады және оларды мүдделі тұлғалардың (мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың) назарына жеткізуді қамтамасыз етеді.
  • Университеттің мақсатты даму бағдарламаларының орындалуын, ғылыми-зерттеу, инновациялық, білім беру және мемлекеттік-қоғамдық маңызы бар өзге де бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады.
  • Университеттің кіріс-шығыс саясатын қалыптастыру және іске асыру, Университет қаражатын жұмсаудың басым көздері мен бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  • Университет бөлімшелерінің материалдық қажеттіліктерін қалыптастырудың негізділігін және Университет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді
  • Құрылымдық бөлімшелер жұмысының қорытындысын талдайды және бағалайды, Университет қызметін жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.
Версия сайта для слабовидящих