Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) өкілдері — Гүлнара Закирова, Талғат Нұрлыбаев және Дамелия Мақсұтова Erasmus+ халықаралық семинарына қатысты.
Семинардың тақырыбы:
«Орталық Азияның цифрлық еңбек нарығына арналған киберқауіпсіздік саласындағы инновациялық магистратура бағдарламасын әзірлеу».
Аталған жоба ХАТУ үшін жаңа бастама болып табылады және қазіргі уақытта университет командасы оны іске асыруға кірісті. Семинар Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінде өтті және Орталық Азия мен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді.
Екі күндік кездесу барысында қатысушылар:
- жобаны іске асырудың іс-қимыл жоспарын әзірледі;
- басым және шұғыл міндеттерді айқындады;
- практикалық жұмысты бастады.
ХАТУ жобаларының үйлестірушісі, профессор Гүлнара Закирова халықаралық академиялық қауымдастыққа университетті таныстырып, ХАТУ-дың қызметі мен жүзеге асырылған Erasmus+ жобалары туралы баяндады.
ХАТУ профессоры Талғат Нұрлыбаев цифрлық еңбек нарығының талаптарына сай киберқауіпсіздік бойынша инновациялық магистратура бағдарламасын әзірлеу жоспарларын ұсынды.
Еуропа, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан университеттерінің өкілдері Cyber4CA жобасын іске асыру перспективалары мен негізгі кезеңдерін талқылады




