
Құрметті ХАТУ студенттері!
2024 жылдың 4 қазанында 907 аудиторияда Teach for Qazaqstan бағдарламасының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара бағдарламаның бір бөлігі болуға және Қазақстандағы білімнің дамуына үлес қосу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан көптеген студенттерді тартты.
Кездесу барысында Teach for Qazaqstan өкілдері бағдарлама туралы егжей-тегжейлі айтып берді, соның ішінде:
- Қатысу шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптар
- Жазғы кәсіптік қайта даярлау институтында іріктеу және оқыту кезеңдері
- Кәсіби өсу және даму мүмкіндіктері
- Бағдарлама барысында қатысушылар алатын қолдау
- 300 000 теңге көлемінде ай сайынғы стипендия қарастырылған
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты. Көпшілік кездесудің әсіресе Қазақстандағы білім сапасын арттыруға үлес қосқысы келетіндер үшін пайдалы әрі шабыттандырғанын атап өтті.
Кездесуге қатыса алмасаңыз, бірақ Teach for Qazaqstan туралы көбірек білгіңіз келсе, қосымша ақпарат алу үшін Мансап орталығына хабарласыңыз.