Kaspersky Cyber Day – Kaspersky өкілдерімен кездесу
11 қазанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Касперский зертханасы Киберқауіпсіздік департаментімен бірлесіп ұйымдастырған Kaspersky Cyberday конференциясы өтті.
Ашылу сөзінде:
- Хикметов Аскар Кусупбекович, Баскарма төрағасы – «ХАТУ» АҚ ректоры
- Манас Қанатұлы Оспанов, Касперский зертханасының Орталық Азия және Моңғолия өнеркәсіп сегментінің басшысы.
Конференцияға Касперский зертханасының штаб-пәтерінен шақырылған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты. Іс-шара студенттерге ақпараттық қауіпсіздік саласында теориялық білім мен практикалық тәжірибе беру үшін арнайы әзірленген.
Касперский зертханасының бас кеңсесінің сарапшылары киберқауіпсіздік, киберқауіптер және осы саладағы перспективалар туралы баяндамалар жасады.
Конференция соңында шараның белсенді қатысушыларына сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.