Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 2024

Ярмарка вакансий-2024.png


Университеттің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 40-тан астам ірі компания қатысып, өздерінің бос жұмыс орындары мен тағылымдамадан өту бағдарламаларын ұсынды. Студенттер әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей байланыста болу мүмкіндігіне ие болды, әңгімелесуге қатысып, жұмысқа орналасу шарттары, тағылымдамалар мен оқу курстары туралы білді.

ХАТУ-де жұмыс берушілермен ынтымақтастық басымдық болып табылады, ол жүйелі және тұрақты түрде жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер іс-шараның пайдалылығы мен мазмұндылығын атап өтіп, келешекте де қайталанатынына сенім білдірді, бұл Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің болашағы зор кадрларды іздеу алаңы ретіндегі тиімділігін растайды.

Университет табысының негізгі көрсеткіштерінің бірі – еңбек нарығында оның түлектеріне деген сұраныс. «Атамекен» ҰКП мәліметтері бойынша, «ХАТУ» түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында жетекші орын алады (94%).

Мансап жәрмеңкесі құнды тәжірибе мен жұмыс берушілермен пайдалы байланыстарды қамтамасыз ететін көптеген студенттер үшін кәсіби өзін-өзі анықтау мен мансап жолындағы алғашқы қадам болды.

Версия сайта для слабовидящих