Студенттердің Eltex Алатау өкілдерімен кездесуі: тағылымдамадан өту және мансаптық мүмкіндіктер
2025 жылдың 21 ақпанында Eltex Alatau компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Шара барысында студенттер компанияның қызметі, технологиялары, корпоративтік құндылықтары және мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат алды. Әсіресе, кәсіби дағдылар мен жеке қасиеттердің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесудің екінші бөлімінде компания өкілдері тағылымдама мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы баяндады. Қатысушылар іріктеу үдерісі, тағылымдамадан өту кезеңдері және мансаптық өсу перспективалары туралы толық мәлімет алды. Сондай-ақ, студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, өтініш беру тәртібімен танысты. Бұл кездесу олардың болашақ мансабын жоспарлауға және алғашқы кәсіби қадамдарын жасауға тамаша мүмкіндік болды.