KZSTRATA компаниясымен кездесу қорытындысы

2025 жылғы 7 ақпанда KZSTRATA компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, онда студенттерге IT бағыттары бойынша ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігі ұсынылды.
Кездесу барысында тағылымдама және компаниядағы мансаптық өсу мәселелері қарастырылды:
- KZSTRATA өкілдері ірі жобалар мен студенттерге арналған мүмкіндіктер туралы айтты.
- Тағылымдамадан өтушілер үшін тек құнды тәжірибе жинақтап қана қоймай, компанияда мансабын жалғастырудың нақты перспективаларына ерекше назар аударылды.
- Студенттер сарапшыларға сұрақтар қойып, жұмыс шарттары, қажетті дағдылар мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.