
«Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен кездесу
1 қараша күні IITU-да студенттердің АҚ «Қазақтелеком» өкілімен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2-4 курс студенттері үшін ақылы тағылымдамадан өту шарттары, икемді кесте, сондай-ақ бағдарламаны аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды. Компания өкілі іріктеуден өту үшін қандай білім мен дағдылар қажет екенін, жұмыс ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара нәтижесінде студенттердің көбі тағылымдамаға қызығушылық білдіріп, қатысу туралы өтінім берді. Бұл олардың Қазақстандағы жетекші компанияларының бірінде тәжірибесін жинақтап, IT және телекоммуникациялар саласында табысты мансапқа қол жеткізу мүмкіндігін беретін тамаша бастама.