"ХАТУ" АҚ 2024-2025 оқу жылына "Киберқауіпсіздік" кафедрасы меңгерушісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


Кафедра меңгерушісінің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және педагогикалық немесе басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаты (куәлігі) болуы тиіс.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:


  1. Басқарма Төрағасы-ректордың атына еркін формадағы өтініш;
  2. Түйіндеме;
  3. Жеке куәлік (көшірмесі)
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі;
  7. Ұсыныс хат (қажет болған жағдайда);
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  9. Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  10. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

Құжаттарды қабылдау электрондық мекенжайға жүзеге асырылады: mmussalim@iitu.edu.kz, reception@iitu.edu.kz, skochergina@iitu.edu.kz немесе мекен-жайы: Алматы қ., Манас к-сі, 34/1, 2 қабат, 201 кабинет.

Версия сайта для слабовидящих