Мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту


«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-да мүмкіндігі шектеулі және студенттердің денсаулық жағдайын ескере отырып оқыту қарастырылған. Студенттің өтініші негізінде оқыту жеке тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

Қолжетімді орта

Оқу ғимараты:
Университет мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін қауіпсіз және ыңғайлы оқу ортасын қамтамасыз ету мақсатында ұсынды:
- арнайы компьютерлік жабдықтармен жабдықталған аудиторияларға кедергісіз кіру;
- дәретханалар және басқа да үй-жайлар;
- пандустар, лифт, тактильді тақталар, мнемосхема, Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар, тұрақ, көмек шақыру түймесі.
1.jpg 2.jpg 3.jpg 4.jpg 5.jpg 6.jpg 7.jpg
Кітапхана
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін кітапханада қызмет көрсету бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған:
- Брайль қарпімен арнайы пернетақтамен жабдықталған компьютерлер;
- ғылыми кітапхананың барлық электрондық мазмұнына қол жеткізе алатын арнайы белгілермен белгіленген жұмыс орындары;
- қажетті әдебиеттерді кезектен тыс беру;
- электрондық кітапхана.
Версия сайта для слабовидящих