IITU Commencement 2024

2024 жылғы 30 қазанда «IITU 2024 студенттер қатарына қабылдау» атты ауқымды іс-шара өтті. Бұл бірінші курс студенттеріне арналған шараны Департамент қызметкерлері мен «Sirius» студенттік ұйымы ұйымдастырды. «Бақшасарай» салтанатты залында шамамен 1700 бірінші курс студенті қатысты. Іс-шара университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Исахов Асылбек Абдиашимұлының құттықтау сөзінен басталып, одан кейін студенттік ұйымдардың шеруімен жалғасты. Шеру бірінші курс студенттерінің академиялық құндылықтарға адалдық пен оқу жауапкершілігі жөніндегі салтанатты антымен аяқталды. Кеш Baga, Altair&Abbi, Dream Lights шоу-жобасы және DJ Darkhan-ның өнер көрсетуімен ерекше әсерлі өтті.