BOOKCROSING
14 ақпанда МУИТ-те кітап оқуды ұнататындар үшін жаңа BookCrossing аймақтары пайда болды!
Ресми ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – Ректор Асылбек Исахов баршаңызды Халықаралық кітап сыйлау күнімен құттықтап, оқудың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттердің BookCrossing бастамасын қолдап, кітап сөресін алғашқы болып бірнеше басылыммен толықтырды.
Студенттер мен оқытушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, жаңа шығармаларды тапты. BookCrossing – кітап алмасу арқылы жаңа білім мен оқу мәдениетіне жақындаудың тамаша мүмкіндігі.
📌 BookCrossing бұдан былай күн сайын мына жерлерде жұмыс істейді:
📍 Кітапхана (5-қабат)
📍 Book Cafe (1-қабат)
📌 Кез келген уақытта келіп, QR-кодты сканерлеп, өз кітабыңызды қалдырып, жаңа кітап таңдай аласыз!