2025 жылғы 15 ақпанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің әскери кафедрасы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ерлік сабағын» ұйымдастырды.
Бұл күн – тек тарихтың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар әскери және интернационалдық борышын абыроймен орындаған жауынгерлерді еске алу және құрмет көрсету күні.
🎖 Іс-шараның құрметті қонақтары:
🔹 Запастағы генерал-лейтенант Иванов Иван Иванович.
🔹 Запастағы капитан Смирнов Николай Иванович.
Қонақтар жауынгерлік жолдастарының ерліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, студенттерге бұл күннің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті. Кездесу барысында олар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастарды Отанға адал болуға және әскери ғылымды меңгеруге шақырды.
Іс-шара соңында қатысушылар Ауған соғысында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.