S89 фитнес орталықтар желісімен серіктестік жоба


фитнес.jpg


Студенттердің әл-ауқатын арттыру бағдарламасы аясында университет «S89» фитнес орталықтар желісімен серіктестік жобаны жүзеге асырды. Ынтымақтастықтың мақсаты – студенттердің дене белсенділігін арттыруға және денсаулығын нығайтуға жағдай жасау.

Жоба аясында студенттер мен университет қызметкерлеріне «S89» фитнес орталықтарына жеңілдікпен абонементтер ұсынылды.

Бұл серіктестік студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, 500-ден астам адам ұсынылған мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Қатысушылар жаттығулардың ыңғайлылығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ фитнес орталықтарының жоғары деңгейдегі кәсібилігін атап өтті.

Бұл жоба салауатты өмір салтын қалыптастыру және университеттің бизнес серіктестермен ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Версия сайта для слабовидящих