
2024 жылғы 27 қарашада МУИТ-та Басқарма төрағасы – Ректор Исахов Асылбек Абдиашимұлы мен университеттің студенттік ұйымдарының өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл диалогтың басты мақсаты – әкімшілік пен студенттер арасындағы өзара түсіністікті жақсарту және байланысты нығайту болды.
Әрбір студенттік клубтың көшбасшысы өз ұсыныстарын, университеттің болашағына деген көзқарасын білдіріп, студенттердің күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін жеткізді. Ректор барлық қатысушыларды мұқият тыңдап, маңызды мәселелерді атап өтіп, конструктивті ұсыныстар берді.
Мұндай кездесулер студенттер мен әкімшілік арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарады, өзара түсіністік пен қолдауды қамтамасыз етеді. Өйткені, студенттердің әл-ауқаты – біздің басты басымдығымыз.