Ректордың студенттермен кездесуі


ректор со студентами.jpg





23 қыркүйекте ХАТУ ректоры Асылбек Исахов студенттермен кездесу өткізді. Кездесу университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталды. Ректор университеттің ғылыми, білім беру және халықаралық қызметі, даму жоспарлары мен жетістіктері туралы баяндап, академиялық ұтқырлық, қос дипломды бағдарламалар, шығармашылық бірлестіктер мен клубтар жұмысы жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол жаңа «Байзақ» ғимаратының сатып алынғанын атап өтіп, бұл оқу жағдайлары мен студенттік өмір сапасын жақсартуға көмектесетінін айтты. Жылы және достық атмосферада өткен кездесуде студенттер сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Кездесуге қатысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!

Версия сайта для слабовидящих