Студенттер мен оқытушыларға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі кездесу


коррупция.jpg


2024 жылғы 9 желтоқсанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттер мен оқытушыларға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында академиялық адалдықты насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.

Кездесу барысында спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын және оны жою жолдарын талқылап, бұл күресте жастардың маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. "Алматы - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М.М. Калимолдин: «Біз жастарға сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдарын түсіндіріп, оларда оған деген теріс көзқарас қалыптастыруымыз қажет», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ақпараттық технологиялардың рөлі талқыланып, студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алудың заманауи әдістері ұсынылды.

Іс-шараны кеңінен жариялау мақсатында "Qazaqstan ұлттық арнасы", "Хабар TV" және "Бірінші Еуразия арнасы" телеарналарының түсірілім топтары шақырылды. Олар кездесудің басты сәттерін түсіріп, спикерлерден сұхбат алды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың пікірлері жазылып, іс-шараның негізгі сәттері телекөрермендерге жеткізілді. Бұл ақпараттық қолдау іс-шараның ауқымын кеңейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға ықпал етті.

Кездесу соңында қатысушылар естелік суреттерге түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп, адал қоғам құрудағы маңызды қадам болып табылады. Университет жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған осындай кездесулерді жалғастыра береді.

Версия сайта для слабовидящих