МУИТ АҚ Даму стратегиясын іске асыру мақсатында Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті «Artificial Intelligence and Cyberspace Security» атты вебинарлар сериясын ұйымдастырады.
Аталған іс-шараның мақсаты – университеттің профессор-оқытушылар құрамының, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру. Жоспарланған вебинарлар аясында жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңы ұйымдастырылады.
Вебинар жұмысына келесі ғалымдар қатысады: С.Д. Бушуев (Kyiv National University of Construction and Architecture, Киев, Украина), Марат Нуртас (IITU), Д. Цой (IITU), В.А. Малых (Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті, РФ) және басқа да мамандар.
Іс-шара Zoom платформасында онлайн форматта жарияланған тақырып бойынша апта сайын өтетін вебинарлар сериясы түрінде ұйымдастырылады:
Конференция сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/83926319468?pwd=dbwqxs4FdhQjkemLWDrVKQYOTfKy8Q.1
Конференция идентификаторы: 839 2631 9468
Кіру коды: 053525
Күні мен уақыты |
Спикер |
Тақырыбы |
2024 жылғы 10 сәуір, 15:00 |
Бушуев Сергей Дмитриевич (Kyiv National University of Construction and Architecture, Kuiv, Ukraine) |
Жасанды интеллект: ұғымдардан практикаға дейін – қазіргі әлемдегі негізгі тұжырымдамалар мен қолданбаларға шолу |
2024 жылғы 17 сәуір, 15:00 |
Марат Нуртас (International Information Technology University) |
Нейрондық желілер және олардың қолданылуы |
2024 жылғы 24 сәуір, 15:00 |
Валентин Малых (Мәскеу физика-техника институты) |
Кодқа арналған үлкен тілдік модельдер |
2024 жылғы 22 мамыр, 15:00 |
Дана Цой (International Information Technology University) |
AI + XR: коллаборация нәтижелері |