№АР26103099

Виртуалды шындық технологиясын қолдана отырып, қазақстандық ғарыш аппараттарын орбитадан түсіру әдістерін әзірлеу


Жоба жетекшісі
Кулакаева Айгуль Ергалиевна, PhD, қауымдастырылған профессор


Жобаның мақсаты. Қазақстандық ЖҚЗ KazEOSat-1, KazEOSat-2 ғарыш аппараттарын орбитадан түсірудің тиімді әдістерін әзірлеу, олар шығындарды барынша азайта отырып және ғарыш қоқыстарын азайту жөніндегі халықаралық стандарттарға толық сәйкес олардың орбитасынан бақыланатын және қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуге арналған.


Өзектілігі. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 – Қазақстанның алғашқы Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсеріктері өз миссиясын аяқтауға жақын. Жақын арада оларды халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес орбитадан шығаруды (деорбитациялауды) жүзеге асыру қажет болады. Қазіргі таңда Қазақстанда төмен орбитадағы жерсеріктерді деорбитациялау әдістемесі бекітілмеген, бұл басқа жерсеріктермен соқтығысу секілді болжауға келмейтін салдардың туындау қаупін арттырады.

Осы жоба деорбитациялаудың сенімді стратегиясын әзірлеуге бағытталған, оған стратегиялық жоспарлау мен мұқият есептеулер кіреді. Барлық ықтимал қауіп-қатерлерді, соның ішінде маневр жасауға арналған отынның жеткіліксіз болу ықтималдығын ескеру маңызды. Тиісті дайындықтың болмауы көрсетілген жерсеріктерді басқарудан айырылуға және бұл өз кезегінде тек Қазақстан үшін ғана емес, жаһандық ғарыш қауымдастығы үшін де қауіп төндіруі мүмкін.

Бұдан бөлек, жоба аясында ғарыш аппараттарын деорбитациялау процесін дәл модельдеу үшін виртуалды шындық (VR) ортасында 3D үлгілер мен сценарийлерді әзірлеу жоспарланған. Виртуалды шындық технологиясын пайдалану деорбитация траекториялары мен маневрлерін бейнелеуге, ықтимал тәуекелдерді талдауға және орбитадағы жерсеріктерді төмендету рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мамандар мен студенттердің деорбитациялау дағдыларын интерактивті ортада жетілдіруге арналған тренажер жасалатын болады. Бұл кадрларды даярлауды жетілдіріп, инновациялық шешімдерді енгізуге жол ашады.


Күтілетін нәтижелер:

  • 2027 жылға дейін ғарыш аппараттарының қосалқы жүйелерінің өзекті техникалық сипаттамаларын ескере отырып, маневрлердің есептеулері жүргізіліп, олардың орындалу мүмкіндігі бағаланады;
  • Қазақстанның ЖҚЗ (Жерді қашықтан зондтау) ғарыш аппараттарын орбитадан шығару бойынша түпкілікті әдістерді әзірлеу үшін қорытынды есептеулер орындалады;
  • ғарыш аппараттарын деорбитациялау процесін модельдейтін виртуалды тренажерге арналған жалпы техникалық тапсырма әзірленеді. Бұл тренажер аппараттардың түсу кезіндегі мінез-құлқын нақты визуализациялауды және физикалық модельдеуді қамтамасыз етеді;
  • деорбитация процесін шынайы бейнелеуді қамтамасыз ететін ғарыш аппараттарының және олардың құрамдас бөліктерінің үшөлшемді үлгілері әзірленіп, енгізіледі;
  • атмосфералық жағдайлармен өзара әрекеттесуін, күн радиациясының әсерін және гравитациялық өрістердің ықпалын ескере отырып, ғарыш аппараттарының деорбитация кезіндегі қозғалыс динамикасын модельдеуге арналған алгоритмдер жасалады;
  • әртүрлі деорбитация сценарийлері кезінде ғарыш аппаратының динамикалық мінез-құлқын сипаттайтын, қозғалыс теңдеулері мен сыртқы әсерлерді ескеретін математикалық модель әзірленеді;
  • орбитадан түсу процесінде маневрлерді және сыртқы факторлармен өзара әрекеттесуді шынайы модельдеуді қамтамасыз ететін ғарыш аппараттарын деорбитациялау бойынша оқытуға арналған виртуалды тренажер жасалады;
  • Web of Science базасының Science Citation Index Expanded тізіміне енгізілген және (немесе) Scopus базасында CiteScore пайыздық көрсеткіші кемінде 50 болатын рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолулар жарияланады;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарық көреді.

Зерттеу тобының құрамы:

№ р/с

Аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Негізгі жұмыс орны, лауазымы

Жарияланымдық белсенділігі

1

Кулакаева Айгуль Ергалиевна, PhD, қауымдастырылған профессор

«МУИТ» АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 56732962300; ORCID: 0000-0002-0143-085X

2

Айтмагамбетов Алтай Зуфарович, т.ғ.к., доцент

«МУИТ» АҚ, профессор

Scopus ID: 36060995800 ORCID: 0000-0001-6581-2622

3

Дайнеко Евгения Александровна, PhD, қауымдастырылған профессор

«МУИТ» АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 36060995800; ORCID: 0000-0001-6581-2622

4

Онгенбаева Жадыра Жумабековна, магистр

«МУИТ» АҚ, аға лектор

Scopus ID: 57918293800 ORCID: 0000-0001-8497-2955

5

Цой Дана Дмитриевна, магистр

«МУИТ» АҚ, аралас шындық зертханасының жетекшісі

Scopus ID: 57203037057; ORCID: 0000-0003-0172-9760

6

Кожахметова Багдат Абдурашидовна, магистр

«МУИТ» АҚ, ассистент профессор

Scopus ID: 57218950845 ORCID: 0000-0002-9566-3629

7

Каримова Бибинур Сарсемхановна

«МУИТ» АҚ, бухгалтер

Версия сайта для слабовидящих