«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-ның Жас ғалымдар кеңесі


Кеңес туралы

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының Жас ғалымдар кеңесі университеттің консультативтік-кеңестік органы болып табылады. Кеңестің қызметі университеттің жас ғалымдарының ғылыми белсенділігін қолдауға және дамытуға бағытталған. Бұған ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу, ғылыми-инновациялық конкурстар мен жобаларды қолдау, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми идеяларын жүзеге асыру үшін қаржы тартуға көмек көрсету кіреді.


Кеңестің негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту және ашу, олардың ғылыми қызметін үйлестіру, елдің индустриялық және инновациялық дамуының міндеттерін шешуге тарту, кәсіби және әлеуметтік мүдделерін қорғау, сондай-ақ ғылыми нәтижелерді насихаттау және енгізуге жәрдемдесу.


Кеңестің міндеттері

- Жас ғалымдар мен мамандардың университеттің ғылыми, мәдени және қоғамдық өміріне белсенді қатысуын арттыру;

- Өнеркәсіп кәсіпорындары, отандық және халықаралық ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындарымен кәсіби және шығармашылық әріптестікті дамыту;

- Жас ғалымдардың кәсіби өсуін қолдау, олардың академиялық және кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ фундаменталды және қолданбалы зерттеулерге қатысуын ынталандыру;

- Жас ғалымдардың мемлекеттік және халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуын қолдау, өтінімдерді дайындауға, серіктестерді іздеуге және конкурстарды ақпараттық қолдауға көмек көрсету;

- Жас ғалымдардың жобалары бойынша аралық және қорытынды есептерді қарауда университеттің Ғылыми-техникалық кеңесіне қолдау көрсету;

- Жас ғалымдардың ғылыми нәтижелерін насихаттау, жарияланым белсенділігін ынталандыру, конференцияларға қатысу, патенттеу және ғылымды медиа платформалар, университеттің ресми сайты және басқа да ресми арналар арқылы танымал ету;

- Ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- Жас ғалымдар кеңесінің қызметі туралы ақпаратты медиа платформалар, университеттің ресми сайты және басқа да ресми арналар арқылы тарату;

- Жас ғалымдардың әлеуметтік және кәсіби мәселелерін анықтау және шешу жолдарын ұсыну, сондай-ақ қолайлы ғылыми ортаны құруға ықпал ету.


«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Жас ғалымдар кеңесі туралы ереже

«ХАТУ» АҚ-ның Жас ғалымдар кеңесінің құрамы


Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы – Сансызбай Қанибек Мұратбекұлы, PhD, қауымдастырылған профессор, профессор-зерттеуші

Хатшы – Саламат Нұрсезім Өмірбекқызы, Ғылыми кадрларды даярлау департаментінің менеджері

Email: nsalamat@iitu.edu.kz

Тел.: 8 (7272) 244-51-18 (ішкі 2119)


Full Name

Academic Degree / Title, Position

1.       

Алтаева Айжан Бакаткалиевна

PhD, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ассистент-профессоры

2.    

Бегалинов Әлібек Серікбекұлы

PhD, Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

3.    

Манапбаева Жаннура Жарқынбекқызы

PhD, Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры

4.    

Базарбеков Икрам Медеұлы

Магистр, Киберқауіпсіздік кафедрасының ассистент-профессоры

5.    

Қаимов Сүлеймен Талғатұлы

PhD, Компьютерлік инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры

6.    

Кулакаева Айгүл Ерғалиевна

PhD, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры

7.    

Балкенова Айгерім Берікқызы

Магистр, Экономика және бизнес кафедрасының аға оқытушысы

8.    

Амангожаева Еркежан Беріковна

Ғылыми – зерттеу қызметі департаментінің Бас менеджері

9.    

Цой Дана Дмитриевна

Докторантура студенті, Аралас шындық лабораториясының басшысы

Версия сайта для слабовидящих