2023 жылғы 9-17 наурыз аралығында Akelius қорының Халықаралық кеңесшісі Летиция АнтоновичҚазақстанда жұмыс сапарымен болды және көші-қон процестерінен зардап шеккен балалардың сауаттылығын арттыру мен цифрлық дағдыларын дамыту жөніндегі ЮНИСЕФ және ХАТУ-мен бірлескен жоба іске асырылатын пилоттық мектептерде болды.

Астанада болған Летиция Антонович ЮНИСЕФ білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Дамир Қожабаевпен және білім беру маманы Татьяна Адерихинамен, сондай-ақ ХАТУ-дың тіл және әдістемелік сарапшыларымен кездесті. Олар деңгейі төмен топтағы балалардың сауаттылығын арттыру және цифрлық дағдыларын жақсарту үшін орталық деңгейде техникалық қолдаудың маңыздылығын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша олар жобаны одан әрі дамыту стратегиясын белгіледі.

Сонымен қатар, осы уақыттарда Летиция Антонович пилоттық жобаға қатысқан елордалық мектептер: №53 мектеп-лицей, №67 гимназия, №60 мектеп-лицейде болды. Аталған оқу орындарының мұғалімдері ашық сабақтар өткізді, содан кейін халықаралық кеңесшімен жобаның жүзеге асырылуын талқылады. Тәжірибені талқылау және жалпылау барысында жобаға қатысушылар сыныпта жағымды атмосфера құрудың маңыздылығын, оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта ортақтық сезімін тәрбиелеу қажеттілігін атап өтті.

Летиция Антонович келген келесі қала Шымкент болды. Мұнда жобаға Р. Мырзашев атындағы №76 мектеп, №50 мектеп-гимназиясы, М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп қатысқан. Халықаралық кеңесші жергілікті білім беру бөліміне, сондай-ақ ашық сабақтарға қатысты, содан кейін өткізілген сабақтардың сапасын талқылауға атсалысты. Пилоттық мектептердегі мұғалімдер Akelius жобасын іске асыру басталғаннан бері жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарай оқытуды бейімдей алғаны атап өтілді. Олар оқуды саралау және сабақта барлық оқушылар үйреніп, дами алатындай жағдай жасау үшін әртүрлі құралдар мен технологияларды пайдаланады.

Сондай-ақ, Шымкентте Летиция Антонович «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті, олар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтауға және оларды қолдау көрсете алатын мектептерге жіберуге көмектеседі.

kaz1.jpg

kaz2.jpg

Летиция Антоновичтің Қазақстанға сапарының соңғы сатысы Алматы қаласы болды. Мұнда ол Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Асқар Хикметовпен кездесті, сондай-ақ №78 мектеп-гимназиясында, №152 мектеп-гимназиясында және С.Көпбаев атындағы №186 мектеп-гимназиясында болды. Сонымен қатар, осы аралықта Алматы қаласы білім басқармасының КГУ «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» өкілдерімен және «Родник» қоғамдық қорының мүшелерімен жұмыс кездесулері өтті.

Кездесуге қатысушылар сыныптағы оқуды жақсарту үшін технологияны пайдаланудың артықшылықтарын талқылады және онлайн ресурстар мен қосымшалар оқытушыларға дәстүрлі бетпе-бет оқытуды цифрлық құралдармен біріктіретін аралас оқу ортасын құруға көмектеседі деген қорытындыға келді. Мұғалімдерге осындай технологиялық құралдарды ұсына отырып, мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жақсы қолдау көрсетіп, әр балаға өз қарқыны мен деңгейінде білім алуға мүмкіндік береді.

Версия сайта для слабовидящих