2022 жылғы 28-29 қарашада ұлттық сарапшылар Альмира Тәжігұлова мен Гүлнар Ахметова өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың сауаттылығын арттыру жобасына тартылған тоғыз пилоттық мектепті тексерді.
2021 жылғы 15 қарашадан бастап ЮНИСЕФ, Akelius және ХАТУ бірлесіп «Орталық деңгейде балалардың осал топтары арасында орыс тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, оларды интеграциялау және Қазақстанда бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқыту нәтижелерін жақсарту үшін техникалық қолдау» жобасымен жұмыс істеуде.
2022 жылдың қазан айынан бастап жобаға ұлттық сарапшылар – Тажигулова Альмира Ізбасарқызы – техника ғылымдарының докторы, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ президенті, Ахметова Гүлнара Батырбекқызы -педагогика ғылымдарының докторы, «Сырдария» университетінің «Оқыту технологиясы» кафедрасының профессоры тартылды. Бұл сарапшылар пилоттық мектептердегі цифрлық ортаның ағымдағы жағдайын талдап, кеңес берді және мектеп базасында цифрлық ортаны құру, жақсарту және қолдау бойынша нұсқаулық әзірлеуге кірісті.
Зерттеу барысында ұлттық сарапшылар мектеп директорларымен, ақпараттандыру жөніндегі меңгерушілермен, информатика, орыс тілі мұғалімдерімен, компьютерлік жабдықтарға қызмет көрсететін инженерлермен танысты. Кездесулерде олар жобаны дамыту перспективаларын, мектептегі оқыту, тәрбиелеу және менеджмент процесін цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылады. Олар өз қорытындылары мен ұсыныстарын арнайы есепте баяндады.
«Жоба бойынша сабақтарды ұйымдастыру Астана қаласындағы мектептерді қоспағанда, мектептерде қосымша оқу процесі болып отыр. Негізгі сабақтардан кейін балалар шаршағанына қарамастан, олар Akelius платформасын пайдаланып орыс тілін қызығушылықпен үйренуде.. Планшеттік құрылғылармен жұмыс педагогтерге де, оқушыларға да ұнайды», - деп атап өтті Гүлнара Батырбекқызы өз есебінде.
Сарапшылардың пікірінше, Akelius платформасындағы аралас оқыту процесі орыс тіліндегі типтік оқу бағдарламасымен синхрондалуы керек. Сонымен қатар, олардың пікірінше, аптасына сағат санына нақты талаптар әзірлеу қажеттігінде атап кетті.
«Қазір әр мектепте жоба бойынша сабақтар әртүрлі жүріп жатыр. Астанада сабақтар аптасына екі рет екі сағаттан, ал Алматы мен Шымкентте аптасына екі рет бір сағаттан өткізіледі. Оқу кабинеттерінің тапшылығы Алматы қаласының №152 мектеп-гимназиясында үш ауысымда, сондай-ақ Шымкент қаласының №50 және № 76 екі мектебінде байқалады», – делінген құжатта.
Ұлттық сарапшылар тиімді оқыту үшін топтардағы балалар саны 10 оқушыдан аспауы керек деп санайды. Сондай-ақ, нәтижеге қол жеткізу үшін ұсынылып отырған техника, оның ішінде планшеттер, оқушыларға тек сабақ кезінде ғана қол жетімді болмауы керек, - дейді сарапшылар.
«Біз планшеттерді үйге беру шарттарын қарастыруды ұсынамыз, өйткені қазіргі уақытта тек бір мектепте (Астана қаласының № 60 мектебі)ғана балаларға оларды үйге алуға рұқсат етіледі, ал қалған мектептерде планшеттермен сыныпта 15-20 минут қана айналысады. Мұндай жағдайлар бүкіл жобаның тиімділігін төмендетеді», - дейді сарапшылар.
Сондай-ақ, олар өз есебінде мұғалімнің жұмыс орнында компьютер, принтер, сканер, проектор немесе интерактивті экран болуы керек екенін айтты, осылайша мұғалім тақырыпты бүкіл сынып үшін орталық жүйедентүсіндіре алады.
«Барлық мұғалімдер әр сабақты қысқа мерзімді жоспарлау қажеттілігін мәлімдеді. Біздің ойымызша, бұл мәселе көп еңбекті қажет етпейді, өйткені оны былай шешуге болады: пилоттық мектептердің барлық мұғалімдерін қосу және мұғалімдердің өздері жоспар құра алатын демонстрациялық сабақтарды таңдау. Егер әр мұғалім 10 тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаса, онда 110 сабақ әзірленеді. Әрі қарай, бұл әзірлемелерді барлық мұғалімдерге қол жеткізу үшін желіге орналастыру дұрыс болар еді», – дейді сарапшылар.
Өз есебінде сарапшылар оқытудың бастапқы кезеңінде және осы кезеңде коммуникативті дағдыларды анықтаудың нақты критерийлерінің жоқтығын көрсетеді.
«Біз орыс тілі бойынша жоспарланған нәтижелердің жетістіктерін көрген жоқпыз. Енгізудің аралық нәтижелерін техникалық және әдістемелік сүйемелдеу және бағалау тетігі қажет (әр үш ай сайын, жылына 4 рет)», – деп өз бақылауларымен бөлісті сарапшылар.
Сондай-ақ, сауалнама көрсеткендей, барлық мұғалімдер Аkelius бойынша офлайн режімде жұмыс істеумен таныс емес. Сарапшылар оларға Аkelius қолданушысына бағдарламалық жасақтаманы пайдалану қадамдары мен әрекеттері көрсетілген барлық деңгейлерді қамтитын егжей-тегжейлі нұсқаулар беруді ұсынады. Сондай-ақ олар мұғалімдерге интернет-трафикті төлеу мәселесін қарастыруды сұрайды.
«Akelius» бағдарламалық жасақтамасын жүктеу және оны үнемі жаңарту үшін интернет байланысы қажет. Көптеген мектептерде интернет әлсіз немесе жоқ, орыс тілі мұғалімдері интернетке кіруді жеке қаражат есебінен төлейді. Интернет-трафик үшін ай сайынғы төлемді қарастыруды ұсынамыз, өйткені Akelius арқылы жүктеу көп уақытты қажет етеді», – деп кеңес береді сарапшылар.
Сарапшылар зерттеу барысында пилоттық мектеп мұғалімдеріне арналған тренингтердің нәтижелеріне талдау жасады. Сауалнама барысында мұғалімдер тәжірибеде көру мақсатында аудиторияда офлайн режімінде тренингтер өткізуді сұрады.
«Жобаға қатысуға қатысты мұғалімдер мен мектепке сертификат беру мәселесін қарастыру керек, өйткені «жобаға қатысу» педагогтерді аттестаттау мен мектепті лицензиялау кезінде маңызды болып отыр», - дептүйіндеді сарапшылар.
Зерттеу нәтижелері «Цифрлық білім беру ортасы: мектептерде қолдану және енгізу бойынша нұсқаулық» оқу құралының негізінде жатыр. Осыған сүйене отырып, техмамандар, пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігі цифрлық ортаның дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасайды және қамтамасыз етеді деп күтілуде.