6B04103 Инновациялық менеджмент
Бағдарламаның сипаттамасы
Бағдарламаның мақсаты-инновациялық менеджмент саласында ұйымның дамуын басқару және инновациялық үдерістермен бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау. "Инновациялық менеджмент" білім беру бағдарламасы инновациялық үрдістерді басқару теориясы мен практикасына студенттерді оқытуға арналған. Жаңа өнімдерді әзірлеу, стратегиялық маркетинг, сатуды басқару және сатудан кейінгі қызмет көрсету, бизнес-аналитика, ашық инновациялар мен кәсіпкерлік негізгі аспектілер болып табылады. Білім беру бағдарламасы зерттеуді өз бетінше жүргізуге, жаңа идеяларды құруға және көптеген жобаларда білімді қолдануға үйретеді.
Пәндер
- Менеджмент теориясы мен практикасы;
- Маркетинг;
- Маркетинг менеджменті;
- Басқарушылық шешімдерді әзірлеу;
- Инновациялық менеджмент;
- Жобаларды басқару;
- Инновациялық жобаларды бағалау және сараптау;
- Инновациялық стратегия;
- Бизнесті ұйымдастыру;
- Бизнес-жоспарлау;
- Қаржылық менеджмент;
- Стратегиялық менеджмент;
- Тәуекелдерді басқару
Дағдылар
- басқару шешімдерін әзірлеу үшін іскерлік ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
- стратегиялық және тактикалық жоспарлау;
- нарықты бағалау, бәсекелес өнімдерді, қызметтер мен жұмыстарды құру үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- жаңа өнімдерді әзірлеуге бизнес-талаптарды қалыптастыру;
- компаниялардың дамуын бизнес-модельдеу;
- Корпоративтік қаржы саласындағы қаржылық есептеудің әртүрлі әдістері;
- өнімді алға жылжыту және оны пайдаланушылар базасын ұлғайту.
Жетекші позициялар
- инновация жөніндегі менеджер, өнім жөніндегі менеджер;
- жоба менеджері, бизнес-талдаушы;
- бизнеске IT-технологияларды енгізу жөніндегі консультант;
- Экономикалық, қаржылық, әкімшілік бөлімшелерінің ұйымдар мен мекемелер, компаниялар, банктердің IT жетекшісі
- немесе өз бизнесін сенімді жүргізу;