«ХАТУ» АҚ әскери кафедрасы 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №843 бұйрығына сәйкес құрылды.
Әскери кафедраның міндеттері:
- заманауи талаптарға сай запастағы офицерлерді даярлаудың қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында студенттермен бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
- студенттерді әскери-патриоттық жұмысқа тарту.
Запастағы офицерлерді әскери даярлау келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
- ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері мен бөліктерін жауынгерлік қолдану;
- киберқауіпсіздік
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары үшін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне берілген, моральдық орнықты, тәртіпті, қызметтік және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғары идеялық-адамгершілік қасиеттері, сондай-ақ әскери-есептік мамандыққа сәйкес қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін қажетті білімі, шеберлігі мен дағдысы бар запастағы офицерлерді даярлау.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өткен 128 студентке "запастағы лейтенант"әскери атағы берілді
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша 63 студент дайындалып шығарылды