2023 жылғы 24-27 қаңтар аралығында оқу процесіне қатысатын қиындықтарға тап болған балалармен: көші-қон процесіндегі балалармен, білім алуда ерекше көзқарасты қажет ететін балалармен қарым-қатынас жасаудың этикалық ұстанымдары бойынша онлайн режимінде тренингтер өткізілді. Тренингке Akelius пилоттық жобасына тартылған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мектептері қатысты.

Тренингті клиникалық және отбасылық психолог, психология ғылымдарының кандидаты Ирина Мацкевич пен құқық қорғаушы, Адам құқықтары және заңдарды сақтау жөніндегі халықаралық бюро басшысының орынбасары Роза Ақылбекова жүргізді.

1111.png

Тренингке қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы ҚР заңнамасымен танысып, одан кейін балаларды білім беру процесіне тарту және этикалық дилеммаларды жеңу әдістемелерін қарастырды.

Ирина Мацкевич атап өткендей, балалармен жұмыс істеу кезінде келесі құжаттарға сүйену қажет:

  • ҚР Конституциясы (2-тарау), (27-бап)
  • Бала құқықтары туралы конвенция (14, 19, 28, 29-баптар)
  • «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы (10-бап)
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (11.01.2020 жылғы жай-күйі бойынша)
  • «Халықтың көші-қоны туралы» Заң (11.07.2021 ж.)
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 (ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылы 12 мамырда №20619 болып тіркелді) бұйрығы.
  • «Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 Қаулысы.

222222.png

«Бізде үш кейс бар. Біріншісі - орамалын шешкісі келмеген Ашрафи есімді қыз туралы. Екіншісі – әскери қақтығыстар аймағынан оралған Азат туралы. Үшіншісі – мұғалім болып жұмыс істейтін Айгүл Советқызытуралы. Осы кейстерді топта талқылап, талқылау нәтижесін стикерлер арқылы тақтаға жазыңыз», - деді Ирина Мацкевич.

Тренингке қатысушылар әрбір жағдаятта қандай этикалық тәуекелдердің бар екенін көрсетіп, оларды жеңіп шығу нұсқаларын ұсынды.

33333.png

44444.png

Тренингке қатысушыларға «Мәселені кең ауқымда шешуге тырыспаңыздар, әр сұрақ бойынша 1-3 пунктіні белгілеп шығыңыздар», - деп кеңес берді Ирина Мацкевич.

Ол кейсте қолданылған бейнелердің ешқайсысы шынайы жағдаятқа немесе нақты балаға сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Барлық фотосуреттер жағдаяттарды көрсету мақсатында түсірілген. Тренингте ұсынылған жағдаяттардың көпшілігінің шынайы тарихы бар, бірақ кез келген баламен және отбасымен сәйкестік болмауы үшін елеулі өзгерістер де енгізілген», - деп ескертті ол.

5555.jpg

Топтық жұмыстардан соң құқық қорғаушы Ирина Мацкевич педагогикалық әдеп ұстанымдары, тағдырлары ұқсас балаларды бейімдеу және интеграциялау туралы айтып, қақтығыстар аймағынан оралған баланың портретін, оның отбасылық жағдайын сипаттады. Құқық қорғаушы Роза Ақылбекова өз кезегінде балаларға қатысты халықаралық стандарттар мен нұсқаулар («Бала құқығы туралы конвенция», «Гага конвенциясы» т.б.) туралы айтып берді.

66666.jpg

Жаңа білім алған соң тренинг қатысушылары кейстерге екінші рет қайта оралып, жауаптарын толықтырды. Ыңғайлы болу үшін топ мүшелері интерактивті тақтаны пайдаланды. Бірлескен жұмыс қорытындыларды талқылау және көші-қон жағдайына тап болған балаларға қолдау көрсетуге қатысты пікірлер мен стратегияларды қабылдау арқылы аяқталды.

77777.png

Версия сайта для слабовидящих