2023 жылдың ақпан айында Akelius білім беру платформасында орналастырылған шет тілі ретіндегі орыс тілі курсының «Мамандықтар» бөліміне түсініктеме беру аяқталды. Жарияланған сабақтарға түсініктеме берумен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бір топ оқытушылары айналысты.

Қазіргі уақытта платформада 6 деңгей және «Мамандықтар» бөлімі қолжетімді, олар: A0 (200 сөз), A1 (500 сөз), A1.1 (800 сөз), A2 (1000 сөз), B0 (1500 сөз), B1 ( 2000 сөз). Қазір тағы екі деңгей әзірленуде, олар: B1.1 (3000 сөз) және B2 (4000 сөз).

«Мамандықтар» бөлімі келесі тақырыптарды қамтиды: жөндеу және құрылыс, аумақты тазалау және күзету, өндіру және жеткізу, қонақ үйде, стиль және сұлулық, көмек және күтім, денсаулық сақтау, әділет, кеңседе, ұшу және жобалау.

ХАТУ тіл мамандары, қауымдасқан профессор Динара Алиева мен ассистент-профессор Оксана Бубликоватүсініктеме беру процесінің қалай жолға қойылғаны туралы әңгімелеп берді. Сарапшылар әзірлеушілермен үнемі байланыста болу үшін бұлтқа негізделген Trello жобаларды басқару бұлттық бағдарламасын пайдаланады. Бұл ыңғайлы, себебі бағдарлама табылған қателерді сұрыптауға, ескертулер мен ұсыныстарға жылдам жауап алуға мүмкіндік береді.

ғ.png

«Trello-да ықтимал бөлімдер түспен бөлектеп көрсетілген, біз солар бойынша мазмұнға, дизайнға, техникалық қателерге және т.б. түсініктемелер береміз. Бізде көбінесе мазмұнға қатысты ескертпелер болды. Қатені сипаттау үшін скриншот жасап, оны сілтеме ретінде қоямыз және түсініктемелерде ненің дұрыс емес екенін жазамыз», - деді Динара Асылханқызы.

Оның айтуынша, әзірлеушілер өте жылдам жауап береді.

«Дәл сол күні немесе келесі күні біз өз пікірлерімізге берілген жауапты көре аламыз. Қай тұсы қабылданатыны, қай тұсымен келіспейтіні, осының бәріне түсіндірме беріледі. Айталық, мен айтып отырған мамандық туралы бөлімде хоббиді де көрсету керек деген ескертуім болды делік. Бірақ олар маған келесі сабақтарда хоббиге байланысты бөлек тақырып болатынын, сондықтан да бұл жерде оны көрсетпейтіндігін жазады», - деп түсіндіреді Динара Асылханқызы.

6.png

«Бір жерлерде үтірлер жеткіліксіз, қандай да бір сөз дұрыс жазылмаған деген сияқты грамматика бойынша түсініктемелер болды. Техникалық ескертулер де бар, олар: сөз дұрыс жазылмаған, әріптер ауысып кеткен. Осындай ескертулердің барлығы дер кезінде қабылданып, түзетіледі», – дейді Динара Асылханқызы.

Мысалы, Оксана Васильевна сабақтарға түсініктеме беру барысында курс әзірлеушілеріне «я пылесошу» етістік формасын күрделі құрылымдардың бірімен ауыстыруды ұсынды.

«Орыс тілінде етістіктің дәл осы формасын қолданбау және ауызша тілдесімде күрделі құрылымдарды қолдану жағы ұсынылды:

  • я буду пылесосить;
  • я начну скоро пылесосить;
  • мне хочется пылесосить квартиру;
  • необходимо пылесосить ковер.

(Ауызша тілдесімде сөз «пылесосю» деп те, «пылесошу» деп те қолданыла береді)», – деп жазды әзірлеушілерге Оксана Васильевна.

7.png

Ол сондай-ақ «я скриплю» формасымен де болған сәтсіз мысалдарды көрсетті.

«Ступеньки лестницы скрипят под воздействием веса человека» деген сөйлем. Мұнда: ступеньки скрипят, когда и поднимаюсь по лестнице». Осыған ұқсас әрі сәтсіз болған мысал «и наступаю на ступеньки лестницы и поднимаюсь на чердак» деген жердегі "и наступаю" формасы. Орыс тілінде, тіпті «жаттықтырғышта» берілетін жаттығуларда да бұлай айтылмайды. Поднимаюсь на чердак; я поднимаюсь по ступенькам на чердак» деп айтуға болады, - деп кеңес береді Оксана Васильевна.

8.png

Осындай түсініктемелер материалды жақсартуға, техникалық, лингвистикалық, грамматикалық, мәдени және басқа да қателерді анықтауға және сабақтың сапасын жақсартуға көмектеседі.

9.png

Версия сайта для слабовидящих