2022 жылғы 19 қарашада «өзім үшін» және «оқушылар үшін» «Сабақтың мақсатын қалай тұжырымдау керек» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарда ХАТУ сарапшылары мұғалімдерге В0-В1 деңгейіндегі балаларға арналған «Оқуға арналған мәтін» материалымен сабақтың мақсатын қалай тұжырымдау керектігін айтты.
Бұл жолы тренинг жаңа форматта өтті: басталмас бұрын мұғалімдерді бірнеше сұрақтарға жауап берулерін сұрады, содан кейін сөз алған ХАТУ-дың тіл сарапшылары Оксана Бубликова мен Динара Алиева В0 және В1деңгейінде орыс тілін оқыту әдістерінің ерекшеліктері туралы айтты.
«Біз РКИ-де сабақты жоспарлап, құрылымдау алдында негізгі үш мақсат: оқыту, дамыту және тәрбиелеуді аламыз. Біз әр сабақтың нәтижесінде не алатынымызды нақты түсінуіміз керек және сабақтың бүкіл құрылымын нәтижеге бағыттауға көмектесетін мақсаттар туралы сұрақтар қоя білуіміз керек», - деді Оксана Васильевна.
Өз баяндамасында ол Людмила Сергеевна Крючкова, Наталья Викторовна Мощинская, Анатолий Николаевич Щукин, Алла Александровна Акишина сияқты авторлардың жұмыстарына сілтеме жасап, жақсы және түсінікті сабақ беру үшін мақсатты қалыптастыруға мұқият қарауға шақырды.
Оксана Васильевна таза әдіс болмауы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, үнемі бір әдіспен үйлесу және жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан сарапшылар әртүрлі авторлардың тәсілдерін қарастырып, презентация үшін Akelius жобасына қатысатын мұғалімдерге не қолдануға болатынын қарастырды.
«Акишинаның 5 ережесі бар, мен мұғалімдерді осы ережелерді ұстануға шақырамын. Бірінші ереже – сабаққа дайындалу барысында, өзіңізге 5 сұрақ қою, біз оларға кейінірек толығырақ тоқталамыз. Екінші ереже – уақытты жоспарлау. Үшінші ереже –аудиторияға оң көзқарас. Төртінші ереже – сабақтың қарқынын басынан аяғына дейін сақтау. Бесінші ереже – әр оқушыға көңіл бөлу», – деп еске салды Оксана Васильевна.
Динара Асылханқызы өз кезегінде В0 деңгейіндегілер толығымен мәтінмен жұмыс жасайтынын атап кетті. Бұл жерде кванттық секірістің әсері байқалады – тапсырамала күрделі бола түседі, ал оған бөлінетін уақыт сол күйінде қалады. Осы жерде балаларды ынталандырумен айналысуды қолдау маңызды. Оның айтуынша, оқу мәтіндері балаларға аса қызығушылық тудырмайды.
«Тым жеңіл мәтіндер оқушының тілді білудегі жаңа деңгейге шығуына көмектеспейді. Бейімделмеген мәтіндер ғана оқушының қызығушылығын тудырады, оларды жаңа деңгейге бейімдейді. Мәтіннің осындай түрлерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сезімдік қабылдауына әсер етеміз. РКИ-де оқу процесі еркіндікке және сабақтан ләззат алуға құрылған. Сондықтан бейімделмеген мәтінмен жұмыс жасағанда шығармашылық тапсырмалар беруді ұсынамыз, мысалы еліктеу, баланың мәтінге қызығушылығын ояту үшін мәтінде не сипатталғанын көрсету», - деп кеңес береді Динара Асылханқызы.
Тренинг барысында ол Akelius платформасында қолжетімді В0 деңгейіне арналған мәтінді мұғалімдермен талдады және онымен қалай жұмыс жасауға болатынын көрсетті. Ұсынылған тапсырамалардың қатарында мыналар болды: мәтінді абзацқа бөлу, әр абзацқа микротақырып қою, қарапайым жоспар құру, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жасау.
«РКИ-де сұрақтар құру және қою білігімен жұмыс жасаймыз. Топ деңгейіне байланысты тапсыраманы саралауға болады: деңгейі төмендеу балалар үшін «жұқа» сұрақтар деп аталатын қарапйым сұрақтар беру. Жоғары деңгейлі балаларға мәтінді түсінуге, яғни мазмұндауға беру керек. Содан кейін балалардың өздеріне мәтін бойынша сұрақ құрастыруды ұсыну керек», - деп атап өтті Динара Асылханқызы.
Естеріңізге сала кетейік, ХАТУ 2021 жылдың қараша айынан бастап Akelius және ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобаға қатысып келеді. Бұл бастама өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Жобаға Қазақстанның 9 мектебі қатысады, олардың мұғалімдері Akelius платформасын пайдалана отырып, аралас оқыту форматында сабақ өткізеді.
2023 жылдың басында пилоттық жоба аяқталған кезде Akelius платформасында 250 бала білім алады деп күтілуде, ал аралас форматтағы тілді оқыту әдістемесі басқа пәндер бойынша сауаттылықты арттыру және цифрлық ортада оқыту үшін үлгі болады.