2023 жылғы 27 қаңтарда ХАТУ сарапшылары Мәскеу қаласында өткен «Лингвистика дистанцирования: власть языка и современные реалии» («Қашықтық лингвистикасы: тіл құдіреті және заманауи реалийлер») ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Орыс тілі - Қазақстандағы мигрант балаларды әлеуметтендіру құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Айта кететін жайт, бұл жолы конференция қатысушылардың рекордтық санына қол жеткізіп, әлемнің 31 елінен келген 1000-нан астам адамның басын қосты.

ХАТУ тіл сарапшысы, Тілдер кафедрасының доценті Алиева Динара Асылханқызы өз баяндамасында елімізде көші-қон процестерінен зардап шеккен балалардың сауаттылығын арттыру мақсатында Akelius және ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде баяндап берді.

«Мақалада орыс тілі мигрант балаларды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтендіру құралы болып табылатын Қазақстан тәжірибесі мысалға алынған. Орыс тілін оқыту балаларды жаңа оқу ортасымен, әлеуметтік саламен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде білім беру ортасының объективті шындығы - аралас форматты оқыту, б.а. дәстүрлі және онлайн ресурстардың үйлесімі», - деп атап өтті баяндама авторы.

Динара Асылханқызы өз жұмысында балалармен жұмыс істеген кезде шет тілі ретіндегі орыс тілі сабақтарында Akelius онлайн қосымшасын қалай пайдалану керектігін жеткізді. Ол коммуникативтік және белсенді іс-әрекет тәсілі аясында құрылған осы ресурсты шет тілі ретіндегі орыс тілі сабақтарында пайдаланатын тәжірибесімен бөлісе білді. Бұл әдіс грамматиканы дәстүрлі оқытудан алшақтап, студенттерді әлеуметтік және күнделікті қарым-қатынас саласына баулуды көздейді.

«Akelius жасақтамасы арқылы тіл үйрену қиялымыздағы немесе нақты тапсырмаларды шешуге көмектеседі, мәселен: танысу, өзі туралы айтып беру, достарын табу, дүкендерді аралау, саяхаттау, тамақ әзірлеу, спортпен айналысу және т.б. Грамматикалық жаттығулар, әсіресе білім берудің бастапқы кезеңінде негізгі емес, көмекші қызметін атқарады. Сабақты жоспарлау кезінде лексикалық тақырыпқа баса мән беріледі, ал грамматикалық тақырып оның «астарында» ғана болады, - деп түсіндіреді Динара Асылханқызы.

Қорытындылай келе, мақала авторлары Akelius қосымшасы көмегімен шет тілі ретінде оқытылатын орыс тілі сабағы әзірлемесінің фрагментін көрсетті.

зззз.png

Версия сайта для слабовидящих