2022 жылғы 10 желтоқсанда астаналық №53 мектеп-лицейінде офлайн форматта «Akelius платформасын пайдалана отырып, РКИ аралас оқыту форматындағы тілдік дағдылардың балансы» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Сөз алған филология ғылымдарының кандидаты, ХАТУ Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Еркебекова Эльмира Қалдыбекқызы оқытудың аралас форматын айтып, тыңдалым түсінігін ашып берді, оның қиындықтары мен технологияларын жан-жақты түсіндірді.
«Аралас оқыту – бұл оқытуды мұғалімнің қатысуымен (бетпе-бет) және оқушының өздігінен оқу жолын, уақытын, орны мен қарқынын бақылау элементтерін, сондай-ақ оқыту тәжірибесін мұғаліммен және онлайн интеграциялауды көздейтін онлайн оқытуды біріктіретін білім беру тәсілі», - деп хабарлайды Эльмира Қалдыбекқызы.
Оның айтуынша, ауызша қарым-қатынас әдістемеде тыңдалым деп аталатын сөйлеу мен тыңдаудан тұрады. Тыңдалым және тыңдау ұғымы синоним емес. Тыңдау – бұл дыбыс қатарын акустикалық қабылдау. Тыңдалым болса, тыңдаудан басқа, қабылданған ақпаратты түсінуді және түсіндіруді қамтиды.
Тыңдалым қиындықтары туралы айта келе, Эльмира Қалдыбекқызы оларды 6 топқа бөлді. Оның айтуынша, тыңдалымның сапасына:
- қабылдау шарттары,
- тыңдалым көздері,
- тілдік форма және аудиомәтінді мазмұнды толықтыру,
- аудиомәтінді ұсыну формасы,
- айта білу түрлері (монолог, диалог),
- оқытудың әлеуметтік-мәдени компоненті әсер етеді.
Балаларды тыңдалымға үйрету үшін мұғалім үйде және лингафон кабинетінде фотоматериалдарды тыңдауға, сондай-ақ балаларды тіректер мен бағдарларды қолдана білуге бейімдеу керек.
«Әдістемеде тыңдалымды үйретуде визуалды және вербалды тіректерді ажыратып көрсетеді. Визуалды тіректерге жергілікті жерлердің карталары, картинкалары, суреттері, сызбалары және басқа графикалық материалдар жатады. Вербалды тіректер тыңдаушыға ұсынылған тәсілге сәйкес келетін мәтінді бөлшектеуге мүмкіндік беретін негізгі сөздер, жоспар, тақырып, әртүрлі сауалнамалар түрінде ұсынылуы мүмкін», - деп түсіндірді Эльмира Қалдыбекқызы.
Оқушыларды аудиомәтіннің өзінен бағдар табуға үйрету маңызды. Бұл интонация түсіріліп айтылатын сөздер, тақырыптар мен тақырыпшалар, логикалық интонация түсіріліп айтылатын сөздер, риторикалық сұрақтар, қайталаулар болуы мүмкін. Сарапшы мәтіндегі жұмысты келесі кезеңдерге бөлуді ұсынады:
1) Мәтінге дейінгі, яғни нұсқама жүргізіледі және алдын ала тапсырма беріледі.
2) Мәтін, яғни балалар аудио тыңдайды.
3) Мәтіннен кейінгі, мұнда аудиомәтінді түсіну бақыланады.
Келесі сөз алған филология ғылымдарының кандидаты, ХАТУ Тілдер кафедрасының ассистент-профессоры Евгений Юрьевич Медведев РКИ сабақтарында «оқылым» және «жазылым» тілдік дағдыларының тепе-теңдігін қалай сақтау керектігін түсіндірді.
Евгений Юрьевичтің айтуынша, егер әріптер мен дыбыстар арасында берік байланыс болса және мәтін деңгейінде артикуляция мен интонация дағдылары қалыптасқан болса, оқушыда оқу техникасы қалыптасқан.
«Оқу процесі үшін өте маңызды дағды – болжау – сөзді оның жеке элементтері бойынша дұрыс болжай білу және сөз тіркесінің келесі сөздерін таба алу», - деп атап өтті Евгений Юрьевич.
Тренинг барысында ол дауыстап орындалатын оқу техникасы дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды атады, содан кейін жазу аспектілеріне көшті және әріптер қандай ретпен енгізілуі керектігін айтты.
«Жазуды үйрете отырып, біз жазу техникасымен және оқылатын тілдің графикалық коды арқылы мағыналықақпаратты беру дағдыларын дамытумен айналысамыз. Әріптерді жазуды күрделіліктерініңқиындықтарыныңөсу дәрежесін ескере отырып енгізу керек», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, «күрделіліктің нөлдік деңгейіндегі» әріптер бар – оларда бастапқы элемент (г, о, с, ь) әріпке тең. Одан кейін екі элементті біріктіретін «күрделіліктің бірінші деңгейіндегі» әріптер (д, у, а). Әріптер графикалық элементтердің (о, а, ю, д, б, ф, я немесе и, й, ш, ц, щ, у) ортақтығы бойынша серияларға топтастырылатын аралас әдісті қолдануға болады.
Семинар барысында мұғалімдер спикерлерге қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, өз толықтырулары мен нақтылауларын енгізе алды. Естеріңізге сала кетейік, Akelius және ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба Қазақстанда 2021 жылдың күзінен бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба аяқталған кезде (ақпан, 2023) Akelius платформасында оқытудан 250 бала өтеді деп күтілуде, ал аралас форматтағы тілді оқыту әдістемесі басқа пәндер бойынша сауаттылықты арттыруға және цифрлық ортада оқытуға үлгі болады.