2022 жылдың желтоқсанында ХАТУ сарапшылары Akelius білім беру платформасында жарияланған сабақтарға түсініктеме беруді жалғастырды.
Қазіргі уақытта Akelius платформасында 6 деңгей қолжетімді: А0, А1, А1.1, А2, В0, В1. Осы платформаны пайдалана отырып, пилоттық жоба аясында Қазақстанның тоғыз мектебінің мұғалімдері сабақ өткізеді. ЮНИСЕФ, Akelius және ХАТУ-мен бірлескен жоба өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға сауаттылық деңгейін арттыруға және цифрлық дағдыларды жақсартуға көмектесуге арналған.
Әдістемелік сарапшы, филология ғылымдарының кандидаты, ХАТУ Тілдер кафедрасының ассистент-профессоры Евгений Юрьевич Медведев өз атынан және әріптестері тарапынан курс әзірлеушілеріне қандай пікірлер келіп түсетіндігімен бөлісті.
Мысалы, «Гүл ашылғанда, ол құлпырады» деген тіркестегі сөйлем құрылымы оның мағынасына сай келмейді.
«Біріншіден, КОГДА ... ТО ... конструкциясы орыс тілінде өте сирек қолданылады. Егер шартты түрде қолдануды көрсету керек болса ЕСЛИ ..., ТО ... қолданылады». Уақытты көрсету керек болса, КОГДА ..., ТОГДА ... қолданылады. Тіпті ТОГДА сөзін мүлдем алып тастау керек: КОГДА ..., ... . Екіншіден, берілген мысалдағы конструкция бір мезгілде болып жатқан әртүрлі әрекеттер туралы болып отыр. Мысалы, «Гүл ашылған кезде, одан жұпар иіс аңқиды» немесе «Гүл ашылған кезде, оған аралар келе бастайды». Бірақ осы мысалдарда сөйлем мағынасы қандай-да бір әрекеттің (ашылады=құлпырады) болғанын түсіндіру. Бұл әртүрлі әрекеттер емес, БІР әрекеттің әртүрлі белгілері. Бұл үшін басқа конструкция: X – яғни Y қолдану керек. «Ашылады – яғни құлпырады», - деп түсіндіреді Евгений Юрьевич.
Бұдан басқа, ол кейбір мысалдарды «талпыну» сөзімен алмастыруды ұсынады.
«Балалар математика сабағында сандарды қосуға талпынады» деген сөйлемде етістікті «үйренеді», ал «мен мектепке ерте келуге талпынамын» деген сөйлемді «тырысамын» деп ауыстырған дұрыс. Мұғалімге қатысты«Мен өз пәнімді түсіндіруге тырысамын» деген тіркес орынсыз болып көрінеді», – деп түсіндіреді сарапшы.
Сарапшылар өз пікірлерін Trello қызметі арқылы әзірлеушілерге жібереді. Бұл техникалық, лингвистикалық, грамматикалық, мәдени және басқа да қателіктерді табуға және түзетуге мүмкіндік береді.
Akelius және ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба Қазақстанда 2021 жылдың күзінен бастап іске асырылуда. Жоба аяқталған кезде 250 бала Akelius платформасында оқытудан өтеді деп күтілуде, ал аралас форматтағы тілді оқыту әдістемесі басқа пәндер бойынша сауаттылықты арттыруға және цифрлық ортада оқытуға үлгі болады.