2023 жылдың 23 және 24 ақпанында зерттеуші Кейт Мэлони Уильямстің «Аралас оқыту және қалыптастырушы бағалаудағы үздік тәжірибелер» тақырыбындағы қорытынды тренингі онлайн режимінде өтті. Тренингке білім алуда ерекше тәсілді қажет ететін балаларды оқытуға арналған Akelius пилоттық жобасына қатысқан Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мектептері қатысты.

Кейт Мэлони Уильямс көптеген елдерде зерттеулер жүргізіп, USAID, INEE, Дүниежүзілік банк және МИПО-ЮНЕСКО жобаларына техникалық қолдау көрсетті. Ол қазір Мэриленд университетінің Оқыту мен оқуды трансформациялау орталығында зерттеу мен бағалау қызметін жүргізеді.

«Менің зерттеу бағыттарыма цифрлық сауаттылық және дезинформация синдромы, цифрлық педагогика, онлайн оқыту және цифрлық даму кіреді. Университетте дәріс оқумен қатар, Нью-Йорк қаласындағы мектептерде сауат ашу және есеп сабақтарында мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істедім. Шри-Ланкадағы соғыстан кейін мен онда шығармашылық жазу бойынша нұсқаушы, сонымен қатар информатика және ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істедім», - деді Уильямс өзі туралы.

Тренинг қатысушылары деңгейлері мен қабілеттері әртүрлі студенттерге арналған оқыту стратегияларын анықтады, сонымен қатар саралаудың не екенін және оны әртүрлі деңгейдегі топтарда неліктен қолдану керектігін біле алды.

«Саралау дегеніміз мазмұнды, процесті және өнімді реттеуді білдіреді. Ол сабақта әртүрлі деңгейлерді қолдануды қамтиды. Шындығында, бір деңгейлі топ деген түсінік жоқ. Саралау барлық оқушылардың жетістігіне кепілдік береді», - деп түсіндірді Уильямс.

Кейт Уильямстің баяндамасын қорытындылай келе, сабақты тиімді саралаудың және жоспарлаудың келесі жолдарын бөліп көрсетуге болады: оқушыларды қабілеттеріне қарай топтастыру; тапсырмаларды кішігірім тапсырмаларға бөлу; ауызша және жазбаша тапсырмаларға мысалдар келтіру; пайдалы сөздік пен құрылымға назар аудару; негізгі білім мен нәтижелерді анықтау; дағдылары төмен немесе жоғары оқушыларды есепке алу және студенттерге шамадан тыс салмақ түсіруден аулақ болу.

10.png

Тренинг барысында мұғалімдер көпдеңгейлі топты басқаруды, онлайн режимде саралауды, жаһандық кейстерді пайдалана отырып, цифрлық құралдарды және көп деңгейлі топтарда бағалау стратегияларын қолдануды үйренді.

11.png

Кейт Уильямс саралау және сабақты жоспарлауға қатысты келесі ұсыныстарын ұсынды:

  • Бір деңгейдегі топтарды пайдаланыңыз.
  • Үлкен тапсырмаларды шағын тапсырмаларға бөліңіз.
  • Айтылым немесе жазылым тапсырмаларына жауап үлгісін беріңіз.
  • Пайдалы фразалармен, сөздік қормен және құрылым бойынша жұмыс істеңіз.
  • Бастапқы білім мен нәтижелерді анықтаңыз. Содан кейін өзгелерге қарағанда жетік білетін оқушыларға нені үйреткіңіз келетінін шешіңіз.
  • Қабілеті нашар оқушылар туралы ойланыңыз – оларға қалай көмектесе аласыз? Негізгі білімнің қайсысынбасқару жеңілірек болады?
  • Оқушыларға артық салмақ салмауға тырысыңыз.

«Студенттерге әрқашан басқа да нұсқаларды ұсыныңыз. Олар өздеріне «ой тастайтын» және өз қарқынымен өсуге мүмкіндік беретін сабақты ұнатады», - деп кеңес береді ол.

Зерттеуші студенттердің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау үшін олардан сұхбат алуды ұсынады. Сөйлеу барысында ол мұғалімге пайдалы ақпарат жинауға мүмкіндік беретін сұрақтардың мысалдарын көрсетті.

«Оқушыларыңыздың күшті және әлсіз жақтары туралы көбірек ақпарат алған кезде, әр оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр топтағы мақсаттарыңызды өзгертіңіз. Сабақты негізгі мақсатыңызды түсіндіруден бастаңыз. Содан кейін оқушылардан өз мақсаттарын қоюларын сұраңыз. Олардың жауаптары өздерінің жеке тілдік мақсаттары ретінде әрекет ететін болады», - деп кеңес береді зерттеуші.

12.png

Сабақ соңында Кейт Уильямс оқушылардың үлгерімін бағалау үшін викториналар немесе ойындар өткізуді ұсынады. Егер нәтижелер оқушылардың өз мақсаттарынан асып кетсе, онда оларды мақтау керек. Егер бұл студент күткен көрсеткіштен төмен болса, онда олардың салған күш-жігерін мойындап, келесі жолы табысқа жетудің жолын көрсетуі керек.

13.png

Кейт Уильямстің баяндамасын қорытындылай келе, сабақты тиімді саралаудың және жоспарлаудың келесі жолдарын бөліп көрсетуге болады: оқушыларды қабілеттеріне қарай топтастыру; тапсырмаларды шағынтапсырмаларға бөлу; айтылым және жазылым тапсырмаларына мысалдар келтіру; пайдалы сөздік пен құрылымға назар аудару; негізгі білім мен нәтижелерді анықтау; дағдылары төмен немесе жоғары болатын оқушыларды ескеру және оларға шамадан тыс салмақ түсіруді болдырмау.

Версия сайта для слабовидящих