2023 жылдың 14 сәуірінде ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, «ХАТУ» АҚ ұйымдастырған «Заманауи білім берудегі аралас оқыту: тиімді тәжірибелер мен өзекті мәселелер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның өзекті мәселелерінің бірі – Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мектептерде Akelius пилоттық бағдарламасын жүзеге асыру болды. Бұл жоба көші-қон процестерінен зардап шеккен балалардың, сондай-ақ білімдерін толықтыру үшін қолдауды қажет ететін балалардың сауаттылығын арттыруға бағытталған.

2.jpg

Конференцияға қатысушылар жобаға қатысушы аймақтарда Akelius қосымшасын қолдану арқылы аралас оқытуды енгізу бойынша тәжірибе алмасып, мектеп қабырғасында цифрлық ортаны ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Конференция барысында филология ғылымдарының кандидаты, «МУИТ» АҚ қауымдасқан профессоры Оксана Бубликова аралас оқыту стратегиялары бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Ол бұл тәсілдің мақсаты оқытуды жеке бағдарланған және икемді ету, жеке студенттердің қажеттіліктеріне жауап беру, студенттерді өзара әрекеттесуге тарту және оған ықпал ету екенін еске салды.

Конференцияға шетелдік сарапшылар да қатысты. Сонымен, Минск қаласынан келген филология магистрі Павел Полубинский IT мамандықтарының студенттеріне арналған «Шетел тілі» пәні бойынша оқу ақпараттық-коммуникациялық технологияларын сабақта қолдану тәжірибесі туралы айтып берді. Ол өзі үнемі қолданатын ресурстармен бөлісті және олардың функционалдығын көрсетіп берді.

3.jpg

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК басқарма басшысы Ақбота Есематова елорда мектептерінде «Акелиус» пилоттық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында әңгімелеп берді. Оның айтуынша, бағдарлама мақсаттарының бірі – төмен оқу үлгерімі мәселелерін зерттеу.

«Жұмыс мұғалімдерден сараланған көзқарасты талап етеді, өйткені топтарда әртүрлі жастағы және әртүрлі деңгейдегі балалар оқиды. Кейбір балалар 2-3 жылдан бері мектеп бағдарламасы бойынша орыс тілін үйреніп жатса, кейбірі орыс тілін ана тілімен қатар алғаш рет үйреніп жатыр. Негізінен бұлар тарихи отанына Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстаннан келген балалар. Әлеуметтік жағынанбейімделу үшін мұндай балаларға психологиялық қолдау да қажет», - дейді Ақбота Бақытқызы өз баяндамасында.

Оның мәлімдеуінше, 2021 жылдың қазан айынан бастап А0 және А1 деңгейлерінде оқыту дәстүрлі форматты цифрлық бағдарламамен кіріктіру негізінде жүргізілуде. Ал екінші оқу жылының соңына қарай студенттер Тілдерді меңгеруі бойынша Жалпы еуропалық анықтамалық жүйенің (CEFR) деңгейлік жүйесіне сәйкес A1.1 және A2 деңгейлеріне жетеді.

«Аралас оқыту форматы сабақтарды оқушы мұғаліммен тікелей байланыста болатын және кіріктірілген тілдік бағдарламасы бар гаджетті бір мезгілде пайдаланатын күндізгі режимде өткізуді білдіреді. Орыс тілін меңгерудің мұндай процесі студенттерді екінші тілдің заңдылықтарымен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы білім беру дағдыларының, зерттеушілік дағдыларының, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының шекарасын кеңейтеді, ІТ-технологияларды қолдану дағдысын қалыптастырады», - деп түсіндірді ол.

4.jpg

Спикерлердің айтуынша, көші-қон процестері әсер еткен өңірлердегі мұғалімдерге қосымша әдістемелік қолдау көрсету, жобаны жүзеге асыру барысында алынған әдістемелік ұсыныстармен бөлісу қажет.

Спикерлер аралас оқыту идеяларын ескере отырып, педагогикалық кадрларды дайындауда мамандандырылған білім беруді жетілдіру, сондай-ақ университет қауымдастығы мен мектептегі білім беру өкілдерінің өзара тығыз байланысын ұйымдастыру қажет деп санайды.

Версия сайта для слабовидящих