Киберқауіпсіздік
«Киберқауіпсіздік» кафедрасының мақсаты - оқу үдерісін заманауи әдістемелік құралдармен және оқу технологияларымен қамтамасыз ету, ақпараттық міндеттер саласында, ақпаратты қорғау және қауіпсіздік саласында жоғары деңгейдегі мамандарды (бакалаврлар, магистрлер) дайындау болып табылады.
МИССИЯСЫ
Кафедра миссиясы
- Өнеркәсіп пен бизнестегі түрлі салаларда жұмыс істеуге арналған ақпараттық технологияларды құру, пайдалану және қорғау саласында бітірушілерді тәжірибелік-бағдарлы дайындауды қамтамасыз ету.
- Үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау.
- Бітірушілердің әлеуметтік-жеке қасиеттерін дамыту үшін жағдай жасау (мақсаткерлік, ұйымшылдық, еңбекқорлық, коммуникабельділік, ұжымда жұмыс істей білу, өзінің кәсіби қызметінің соңғы нәтижесі үшін жауапкершілік, азаматтық жауапкершілік, төзімділік), еңбек нарығындағы әлеуметтік ұтқырлық және бәсекеге қабілеттілік.