2023 жылғы 13 сәуірде «ХАТУ» АҚ Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесіп ұйымдастырған «UNICEF Global Day in IITU: Social equity and inclusion» семинары өтті.
Семинарға қатысушылар балалардың әлеуметтік теңдігі және инклюзивті білім беру тақырыбына қатысты нақты кейстер мен жобаларға талдау жасады, сонымен қатар Интернет кеңістікте балалармен жұмыс істеу кезінде пайдалы болатын әдістер мен құралдармен бөлісті.
Семинарда әдістемелік сарапшы, «МУИТ» АҚ Тілдер кафедрасының ассистент-профессоры Евгений Медведевмигрант балаларды әлеуметтендіру бойынша ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобадағы жұмыс туралы баяндады. Атап айтқанда, ол қазақстандық пилоттық мектептерде «Akelius» онлайн-тілді оқыту платформасын енгізу тәжірибесіне тоқталып, бұл процестегі ХАТУ сарапшыларының рөлін ашып көрсетіп берді.
Семинар спикерлері өз кезегінде DPG жобаларының экожүйесін құру тәжірибесі, STEM білім беруді дамытудағы наноспутниктердің рөлі, оқу процесіндегі геймификацияның маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар инклюзивті аралас формат жағдайында онлайн-педагогикалық дағдыларды дамытудыңжолдарын үйренді. Сондай-ақ олар балалар қауіпсіздігінің онлайн платформасымен және мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалау курсымен танысты.
Спикерлер өз сөзінде ақпараттық технологиялар ойын-сауық немесе ақпарат іздестіру құралы ғана емес, сонымен қатар нақты мәселелерді шешудің қуатты құралы екенін дәлелдеді. Олар дұрыс пайдаланылса, бізді қоршаған әлемді өзгерте алар еді.
Барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндік беру үшін қашықтықтан оқытудың тиімді әдістері қажет. Тегін онлайн оқыту курстарын құру, мектептерде және кітапханаларда Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету және технологияны қауіпсіз пайдалану – мұның бәрі барлық студенттерге әлеуметтік жағдайына, физикалық ерекшеліктеріне және басқа факторларға қарамастан табысқа жетуге көмектесетін оқытудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді.
Ссылка https://youtu.be/egY1OU-QsbY