«ХАТУ» АҚ Қазақстанның Азаматтық Альянсы ЗТБ-мен бірлесіп, тек білім алып қана қоймай, нақты әрекет етуге дайын жастарға арналған кейс-чемпионатты іске қосып отыр.
Сіз — болашақтың бір бөлшегісіз. Ал болашақ — экологиялық таза, технологиялық және тұрақты болуы тиіс.
Егер Сіз университет кампусын жақсартуға бағытталған нақты шешімді ұсына алсаңыз — бұл чемпионат Сіз үшін!
Сіздің міндетіңіз:
2026 жылдың соңына дейін «ХАТУ» АҚ-да енгізуге болатын экологиялық бастама немесе іс-шаралар жүйесін әзірлеу. Жоба келесі бағыттардың біріне негізделуі мүмкін:
- Эко-сервис
- Қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа тәсілі
- Экологиялық білім беру науқаны
- Цифрлық шешім немесе дизайн идеясы
Басты талап — Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 11, 12, 13, 17) сәйкестік және нақты қолдану мүмкіндігі.
Өткізілу мерзімі:
Чемпионат 2025 жылғы 2–6 маусым аралығында өтеді. Алғашқы кездесу және кейстерді тапсыру 2 маусым күні «ХАТУ» АҚ бас ғимаратындағы 907-аудиторияда өтеді.
Қатысу тәртібі:
- 3 адамға дейінгі команда құрыңыз немесе жеке тіркеліңіз — біз Сізге команда табуға көмектесеміз.
- Бір нақты кейс аласыз. Жобаңыздың шешімін ұсынуға 72 сағат беріледі.
- Өз жобаңызды таңдаған форматта таныстырыңыз: питч, демо немесе презентация.
Сіз не аласыз?
- Бағалы тәжірибе
- Сыйлықтар
- Дипломдар мен сертификаттар
- Идеяңызды мойындау және жүзеге асыру мүмкіндігі
- Кампустың экологиялық трансформациясына қосқан нақты үлесіңіз
Тіркеу 30 мамырға дейін ашық!
Жасыл өзгерістердің бір бөлігі болыңыз — өтінішті келесі сілтеме арқылы жіберіңіз:
Уақыт шектеулі. Университет өзгерістерді күтуде — бәрі Сізден басталады.
Іс-шара ОЮЛ «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.