Алматыда мектеп білімінің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті


2025 жылғы 7 сәуірде Алматыда «Мектептегі тиімді білім беру: менторлық, технологиялар және тең мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) және Akelius Foundation қоры – педагогтерді, зерттеушілерді және халықаралық ұйымдардың өкілдерін қазіргі заманғы мектеп білімінің маңызды мәселелерін талқылауға біріктірді.

Конференция білім беру ұйымдарының цифрландыру және инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында кездесетін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылауға арналған маңызды тәжірибе алмасу алаңы болды. Шара барысында білім беру көшбасшылығы құралы ретіндегі тәлімгерлік, цифрлық педагогика және оқытудың аралас үлгілері, сондай-ақ әртүрлі оқушы топтарымен жұмыс істеудегі инклюзивті тәсілдер сияқты тақырыптар қозғалды.

Общее фото с ректоромJPG (1).JPG

Талқылаудың негізгі бастамаларының бірі – Akelius бағдарламасы болды. Бұл – аралас оқытуға арналған инновациялық құрал. Платформа Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мектептерде қолданылып, миграциядан зардап шеккен балалар мен оқуында олқылықтары бар оқушыларға қолдау көрсетуде. Бағдарламаның басты бағыты – әр оқушының қажеттілігіне бейімделе алатын цифрлық технологияларды қолдана отырып, шет тілдерін оқыту.

Конференция қатысушылары цифрлық және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді. Әсіресе, Akelius платформасын оқу процесіне енгізу, соның ішінде «Өрлеу» педагогикалық шеберлік орталығы арқылы тарату қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ бұл платформаны ауыл мектептерінде кеңінен қолдану – оны қолжетімді әрі тиімді құралға айналдыру мүмкіндігі ретінде ұсынылды.

Исахов 1.jpg

Талқылау барысында тіл үйрету процесін едәуір жетілдіре алатын нейрожелілер мен жасанды интеллект секілді жаңа технологияларға да назар аударылды. Қатысушылар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, тәлімгерлікті дамыту және аралас оқыту қағидаттарына негізделген бейінді педагогикалық білімді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында Akelius платформасын инклюзивті сыныптарға енгізудің сәтті мысалдары, шығармашылық педагогикалық топтар құру және тренингтер өткізу сияқты ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, Akelius платформасы арқылы тілдік дағдыларды дамыту – өзге пәндерді меңгерудің маңызды алғышарты ретінде танылуы тиіс деген пікір айтылды.

Исахов и Адерихина (1).JPG

Конференция қорытындысында қатысушылар педагогикалық тәлімгерлік пен әдістемелік қолдаудың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл факторлар Қазақстандағы мектеп білімін табысты дамытуға негіз болады деген сенім білдірілді.


«Мектептегі тиімді білім беру: тәлімгерлік, технологиялар және тең мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша резолюция

Конференцияға пікір

Версия сайта для слабовидящих