Қысқы эдвайзерлер мектебі


2025 жылғы 15-17 қаңтар аралығында «ХАТУ» АҚ-да Қысқы эдвайзерлер және педагогикалық шеберлік мектебі өтті.

Бұл іс-шара педагогтар мен эдвайзерлердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған қарқынды білім беру бағдарламасы болды. Бағдарламаның негізгі тақырыптары заманауи оқыту әдістерін, IT-технологияларды, жасанды интеллектті, психология мен конфликтологияны қамтыды. Цифрлық технологияларды оқыту мен ғылыми зерттеулерге енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қысқы мектеп қатысушыларға біліктілігін арттыру, инновациялық тәсілдерді енгізу, әріптестері мен білім беру саласындағы сарапшылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынды.

Рисунок7.jpg
Рисунок8.jpg
Рисунок9.jpg
Рисунок10.jpg
Рисунок11.jpg
Версия сайта для слабовидящих