«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ БОЙЫНША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Біліктілік талаптары:

  • Кафедраның оқу-ғылыми бейініне сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс. Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD)) және/немесе уәкілетті органмен берілген ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), доцент) немесе академиялық PhD дәрежесі болуы қажет.
  • Ғылыми-педагогикалық немесе кәсіби қызмет саласы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы міндетті.
  • Соңғы 3 жыл ішінде өткен, ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағат болатын білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификаты болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  • Басқарма Төрағасы – Ректордың атына еркін түрде жазылған өтініш;
  • Түйіндеме (CV);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың көшірмелері;
  • Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі;
  • Ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат көшірмесі;
  • Ұсыным хат (қажет болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама;
  • Наркологиялық диспансерден есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық диспансерден есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау келесі электрондық мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады: mmussalim@iitu.edu.kz, reception@iitu.edu.kz немесе келесі мекенжайда: Алматы қ., Манас көшесі, 34/1, 2-қабат, 201-кабинет.

Версия сайта для слабовидящих