Перейти к содержимому
ТІКЖ AP19678926

Деректер ғылымы әдістері арқылы топырақ пен ауаның ластануының экологиялық проблемаларын зерттеуге және шешуге арналған зияткерлік жүйені әзірлеу

Ғылыми жетекші ғ.д., проф. Найзабаева Л.
l.naizabayeva@iitu.edu.kz
Бағдарлама Гранттық қаржыландыру, 2023–2025
Шарт 2023 жылғы 03.08 күнгі №305/23-25 шарты
Жобаны қаржыландыру 73,1 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Пестицидтермен және ауыр металдармен ластанған топыarдағы токсиндерді болжау және шешім қабылдаудың зияткерлік жүйесін әзірлеу; Қазақстанның геокеңістіктік деректерін ескере отырып, ауа бассейніне мониторинг жасаудың геоақпараттық жүйесін жобалау.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Қоршаған ортаны зияткерлік мониторингтеу экологияның бірнеше өзара байланысқан проблемаларын қарастыруды білдіреді, бұл біріктірілген шешімнен үлкен әсер беретін синергия болып табылады. Демек, деректер ғылымының зияткерлік әдістерінің көмегімен қалалар экологиясының өзара байланысқан екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерін, мысалы, ауа мен жердің тазалығын зерттеу маңызды болып табылады.

Жоба міндеттері

  • Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластану дәрежесін зерттеу, ауыр металдардың әсерінен топырақтың микробиологиялық құрамдас бөлігінің өзгеруін бағалау.
  • Антропогендік әсерге ұшыраған жерлердің жағдайын бағалау үшін ластану кезіндегі топырақтың фитоуыттылығының математикалық моделін қолдану.
  • Ксенобиотиктермен ластанған жерлерді қалпына келтірудің зияткерлік жүйесі моделін жобалау.
  • Ауа бассейнінің жағдайын бағалау көрсеткіштерінің және деректерді өңдеудің геоақпараттық жүйесінің функционалдық құрылымын әзірлеу үшін мегаполистің ауа бассейніне мониторинг жасаудың динамикалық жүйесі моделін зерттеу.
  • Қазақстанның нақты аумағындағы өнеркәсіптік қызмет пен табиғи-климаттық факторларға байланысты ауа бассейнінің ластану жағдайына онлайн режимде баға беруге мүмкіндік беретін ауа бассейніне мониторинг жасаудың геоақпараттық жүйесінің жұмыс істеу алгоритмі мен имитациялық моделін әзірлеу.

Жаңалығы

а) Климаттық деректерді ескере отырып, Miscanmod моделінің құрылымын модификациялау кезінде ауыр элементтермен ластанған топыarдағы өсімдіктердің биомассасын болжау үшін алгоритм ұсынылды;

в) Болжау қасиеттері бойынша дәлдігі жағынан регрессиялық модельдерден асып түсетін, ақпараттық кіріс айнымалыларын автоматты түрде іріктеуді және оңтайлы күрделіліктегі регрессиялық модельдің құрылымын таңдауды қамтамасыз ететін көпқатарлы өзін-өзі ұйымдастыру алгоритмі әзірленді.

НӘТИЖЕЛЕР

Ағымдағы нәтижелер

Уытты элементтермен ластанған аумақтар және техногендік ластанған топыarды тазартуға қабілетті қазақстандық өсімдіктер флорасы туралы екі деректер базасы құрылды.

Қазақстанның хлорорганикалық пестицидтермен және ауыр металдармен ластанған жерлері туралы деректерді талдаудың зияткерлік жүйесі әзірленуде.

Әзірленген ауаны мониторингтеу геоақпараттық жүйесінің функционалдық құрылымы осындай геоақпараттық жүйелерді әзірлеу үшін прототип ретінде қолданылатын болады.

Бұл жобаның тікелей әлеуметтік және экономикалық әсері далалық зерттеулердің тым қымбат болуымен, тіпті кейде эксперимент жүргізудің мүмкін еместігімен байланысты.

Ауадағы және жер бетіндегі ластаушы заттарға мониторинг жасаудың зияткерлік жүйесі Қазақстан халқының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Miscanmod моделі алгоритмінің нақты модификациясы негізінде тамақ өнімдерін өндіруге жарамсыз ауыр металдар элементтерімен ластанған топырақтарда мискантустың биомасса өнімділігін болжау үшін Visual Studio ортасында C# тілінде MiscanCalc моделі құрылды.

Жоба аясында 6D060200 – Информатика мамандығы бойынша Нұржанов Шыңғыс Асқарұлының «Токсинді элементтері бар топыarды тазарту процесінде шешім қабылдау және болжау үшін ақпараттық жүйені жобалау» атты PhD диссертациясы орындалды.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Құқықтық қорғау

  • «Фиторемедиант-өсімдіктер туралы деректер базасы» авторлық куәлігі №976, Найзабаева Л., Нұржанов Ч.А., 13.12.2018.
  • «Пестицидтермен ластанған аумақтар туралы деректер базасы» авторлық куәлігі №971, Найзабаева Л., Нұржанов Ч.А., 13.12.2018.
  • «Регрессиялық теңдеулерді құруға арналған көпқатарлы эвристикалық өзін-өзі ұйымдастыру әдісі» авторлық куәлігі №9968, Мазаков Т.Ж., Джомартова Ш.А., Мазакова А.Т., Нұржанов Ч.А., Жакып Б.М., Амирханов Б.С., Шорманов Т.С., 19.05.2020.

ЕНДІРУ

Коммерцияландыру және тәжірибе жүзінде қолдану

ЖШС-мен бірлескен жұмыс: бағдарламалық қосымшаларды тестілеу және сүйемелдеу, пайдаланушыларды оқыту. Ішінара коммерцияландыру ЖШС-мен софинансирование (қоса қаржыландыру) келісімдері арқылы құрылымдалған. Жоба нәтижелері туралы ақпаратты тарату кезінде мақсат өнімді енгізу және одан әрі коммерцияландыру ықтималдығын арттыру болып табылады.

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Нуржанова Асиль Аруновна, б.ғ.д.

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты

Scopus ID: 15029299700
ORCID: 0000-0003-4811-0164

Сембина Гүлбақыт Какейқызы, т.ғ.к.

ХАТУ АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 57203005992
ORCID: 0000-0003-2920-1490

Сейлова Нургуль Абадуллаевна, т.ғ.к.

ХАТУ АҚ, ассистент-профессор

Scopus ID: 57200070158
ORCID: 0000-0003-3827-179X

Сатымбеков Максатбек Нургалиулы, PhD

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Scopus ID: 57201153506
ORCID: 0000-0002-4621-6646

Бисаринова Айгуль Туктикызы, PhD

ХАТУ АҚ, ассистент-профессор

Scopus ID: 57191822295
ORCID: 0000-0001-6629-3051

Барлыкбай Н.Т.

ХАТУ АҚ, сениор-лектор

Магжанова Алма Магжанқызы

ХАТУ АҚ, бухгалтер

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы