Перейти к содержимому
ТІКЖ AP19676803

Толықтырылған шынайылық технологиясын қолдана отырып, машиналық оқыту негізінде музей келушілеріне арналған мобильді зияткерлік сервистерді әзірлеу

Ғылыми жетекші т.ғ.к., ассоц. проф. Ипалакова М.Т.
m.ipalakova@iitu.edu.kz
Бағдарлама Гранттық қаржыландыру, 2023–2025
Шарт 2023 жылғы 03.08 күнгі №305/23-25 шарты
Жобаны қаржыландыру 97 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Машиналық оқыту және толықтырылған шынайылық технологиясы негізінде ұялы телефонға арналған мамандандырылған сервистерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықты арттыру және оның тарихи мұрасын сақтау үшін Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің цифрлық музейін әзірлеу.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы пайдаланушылардың құрылғылармен әрекеттесуінің жаңа тәсілдерінің, яғни адам мен компьютердің қарым-қатынасының жаңа интерфейстерін әзірлеуді талап етеді. Адам мен компьютердің өзара әрекеттесуінің жаңа тәсілдері әдеттегі графикалық мәзірлерді, пішіндерді немесе құралдар панельдерін пайдаланбайды. Олар тек адам қарым-қатынасына тән өзара әрекеттесу әдістеріне негізделген, яғни дәстүрлі басқару элементтерінің орнына оқыту мысалдары, ым-ишара, адам тілі қолданылады. Осы жобада әзірленетін машиналық оқыту және толықтырылған шынайылық технологиясы негізіндегі ұялы телефонға арналған мамандандырылған сервистер, сондай-ақ Виртуалды музей музей экспонаттарын виртуалдандыру және оларды толықтырылған шынайылық технологиясын тарта отырып көрсету арқылы, әсіресе жастар ортасында Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған.

Жоба міндеттері

  • Өңірлердің тарихи мұрасын сақтау аясында мобильді музей қосымшаларын әзірлеу саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау (виртуалды музейлер, виртуалды тарихи ландшафтар, виртуалды сәулет ескерткіштері, виртуалды интерьерлер және т.б.).
  • Объектілердің жеңілдетілген 3D-модельдерін, сондай-ақ объектілерді сканерлеу деректерін пайдалана отырып, толықтырылған шынайылық технологиясы негізінде шынайы әлем объектілеріне қатысты визуалды виртуалды объектілерді дәл орналастыру алгоритмін әзірлеу.
  • Объектілердің жеңілдетілген 3D-модельдері мен музей экспонаттары сипаттамаларының деректер базасын пайдалана отырып, сәйкестендірілген объектілердің параметрлерін анықтау алгоритмін әзірлеу.
  • Мобильді құрылғы камерасының көмегімен музей экспонаттарын жіктеу мен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі модульді пайдалана отырып, «Виртуалды музей» мобильді қосымшасын әзірлеу, оның ішінде қосымша жинайтын объектілер туралы деректер негізінде желіні қосымша оқыту алгоритмін әзірлеу.
  • «Виртуалды музей» әзірленген мобильді қосымшасына тестілеу жүргізу. «Виртуалды музей» әзірленген қосымшасын пайдалану бойынша құжаттама жазу.

Жаңалығы

Ғылыми жаңалығы аппараттық және уақыт шығындары азайтылған, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға арналған машиналық оқыту негізіндегі модельдерді әзірлеуден, оқыту үшін қажетті деректер көлеміне қойылатын талаптарды азайтудан және цифрлық музейді іске асыру үшін толықтырылған шынайылық технологиясын енгізуден тұрады.

ЖОСПАРЛАР

Күтілетін нәтижелер

  • Объектілердің жеңілдетілген 3D-модельдері мен музей экспонаттары сипаттамаларының деректер базасын пайдалана отырып, сәйкестендірілген объектілердің параметрлерін анықтау алгоритмі әзірленеді.
  • Толықтырылған шынайылық негізінде нақты объектілерге қатысты визуалды виртуалды объектілерді дәл орналастыру алгоритмі әзірленеді.
  • Музей экспонаттарын жіктеу мен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін модулі бар «Виртуалды музей» мобильді қосымшасы әзірленеді; тестілеу жүргізіледі; құжаттама жазылады.

НӘТИЖЕЛЕР

Ағымдағы нәтижелер

Осы саланың қазіргі жағдайын түсіну және талдау, сондай-ақ әзірленетін шешімге қойылатын талаптарды қалыптастыру мақсатында мәдени ұйымдарға, атап айтқанда музейлерге арналған қолданыстағы мобильді қосымшаларға әдеби шолу жүргізілді. Ұсынылған ұқсас өнімдерді зерттеу және талдау музей экспонаттарының классификаторларын әзірлеуге арналған қолданыстағы шешімдер, әзірленетін бағдарламалық шешімдердің архитектурасы мен іске асырылуы, олар ұсынатын функционал, оларды енгізу алаңы болып табылатын мәдени ұйымдар сияқты әртүрлі аспектілерде жүргізілді.

Талдау нәтижелері бойынша «Виртуалды музей» қосымшасына қойылатын жалпы талаптар әзірленді. Соңғы пайдаланушы тарапынан әзірленетін жүйеге қойылатын бизнес-талаптар сипатталды, музей келушілерінің мінез-құлық сценарийлерінің ықтимал түрлері, сондай-ақ әзірленетін қосымша тарапынан қажетті нәтиже (жауап) анықталды. Болашақ қосымшаның тұжырымдамалық моделі әзірленді.

Сондай-ақ интерфейс қосымшаға толықтырылған шынайылық технологиясын енгізу тұрғысынан қарастырылды, яғни тұжырымдама танылған және жіктелген экспонаттардың модельдерін және олар туралы қосымша ақпаратты интерфейске енгізуді ескере отырып толықтырылды.

ЕНДІРУ

Коммерцияландыру және тәжірибе жүзінде қолдану

Әзірленген қосымша Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің келушілерінің пайдалануына ұсынылатын болады. Жоба соңында алынған нәтижелер Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы машиналық оқыту, компьютерлік визуализация және толықтырылған шынайылық сияқты бағыттардың одан әрі дамуына әсер етеді. Әзірленетін өнім одан әрі коммерцияландыруға және тәжірибені басқа мәдениет және өнер ұйымдарына таратуға жатады.

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Каплун Д.И., PhD

ЛЭТИ, профессор

Scopus ID: 57205093075

Резникова Е.И.

Ә. Қастеев атындағы музей

ORCID: 0000-0003-2765-4509

Цой Д.Д., магистр

ХАТУ АҚ, аралас шынайылық зертханасының жетекшісі

Scopus ID: 57203037057
ORCID: 0000-0003-0172-9760

Болатов Ж.Ж., магистр

ХАТУ АҚ, компьютерлік модельдеу және симуляция зертханасының жетекшісі

Scopus ID: 57194322791
ORCID: 0000-0002-1945-8156

Базарбеков И.М., магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор

Scopus ID: 58890660800

Абдугаппарова К.Ф.

ХАТУ АҚ, магистрант

Ходжаев Д.

Kaspi bank

Имангалиев М.

ХАТУ АҚ, бухгалтер

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы