Перейти к содержимому
ТІКЖ AP19576825

Қазақстан Республикасында террористік қызметті қаржыландыруды анықтау үшін машиналық оқыту әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу

Ғылыми жетекші PhD, ассистент-проф. Болшибаева А.К.
kakim-aigerim@mail.ru
Бағдарлама Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру, 2023–2025
Шарт 2023 жылғы 17.05 күнгі №84-КМУ4 шарты
Жобаны қаржыландыру 74,9 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Қаржылық қылмыстарды анықтау үшін пайдалануға болатын зияткерлік талдау әдістеріне шолу жасау. Қаржыландыру аномалияларының мүмкін болатын ең үлкен жиынтығын анықтау үшін ашық деректер негізінде террористік ұйымдарды қаржыландыруды анықтауға арналған машиналық оқыту моделін әзірлеу.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін негізгі көздердің бірі ретінде ұйымдардың, топтардың және жеке тұлғалардың террористік қызметі мойындалады. Бұл қатердің жоғары деңгейі, ең алдымен, террористік қылмыстар салдарының ауқымдылығымен және оларды жасау нәтижесінде зардап шеккендердің едәуір санымен түсіндіріледі. Ақтөбедегі, Тараздағы соңғы лаңкестік актілерді және 2022 жылғы қаңтар оқиғаларын еске түсіру жеткілікті. Террористік қызметтің қарқындылығы оны қаржыландыру деңгейі мен материалдық-техникалық жарақтандырылуына тікелей байланысты. Осыған байланысты террористік ұйымдардың активтерін бұғаттау және террористік қызметті қаржыландыру арналарын жабу халықаралық терроризммен күрестің маңызды құралдарының бірі ретінде мойындалады. Қаржы институттары бүгінгі күні пайдаланып отырған күдікті (аномальды) мінез-құлықты анықтау жүйелері негізінен сарапшылар анықтаған ережелер жиынтығына негізделген. Бұл ережелер икемді емес және оңай бейімделмейді, бұл оларды теріс пайдалану мен айналып өтуге осал етеді. Тағы бір мәселе – жүйелердің өңдеуге уақыт талап ететін көптеген жалған дабылдар беруі. Машиналық оқытуға негізделген шешімдерді үнемі оқытуға және жаңа деректермен жаңартып отыруға болады, бұл оларды бейімделгіш етеді және жаңа ережелерді анықтайтын сарапшылардың қажеттілігін жояды.

Жоба міндеттері

  1. Деректер жиынтығын түсіну. Деректер жиынтығын және оның құрамындағы әрбір айнымалыны қажетті визуализациялармен бірге зерттеу.
  2. Деректерді зерттеу талдауы. Талдау жүргізу, қарастырылған деректер кесінділерінің толық сипаттамасымен сыни қорытындылар жасау. Гипотезалар қою.
  3. Алаяқтық және алаяқтық емес транзакциялар арасындағы айырмашылықты көрсететін визуализациялар мен диаграммалар.
  4. Транзакция аномалиясының мүмкін болатын ең үлкен жиынтығын анықтауға мүмкіндік беретін автоматты аннотация және шифрын ашу әдістерін әзірлеу.
  5. Модельдеу. Эксперименттер жүргізілген әдістерді, итерацияларды, деректерді түрлендірулерді апробациялау.
  6. Жоғары органдарға аномальды транзакциялармен жұмыс істеу үшін диагностика жүргізуге қатысты ұсынымдар беру жүйесін әзірлеу.
  7. AMLSim сияқты платформалардан алынған синтетикалық деректер негізінде жүйені тестілеу.

НӘТИЖЕЛЕР

Ағымдағы нәтижелер

  1. Синтетикалық деректерді жинау әдістеріне аналитикалық шолу мен талдау жүргізілді.
  2. Алаяқтық және алаяқтық емес транзакциялардың ықтимал предикторын анықтау және табу үшін негізгі көрсеткіштер зерттелді.
  3. Нейрондық желілерді, генетикалық алгоритмдерді, ықтималдық тәсілдерді және басқаларды қамтитын террористік ұйымдарды қаржыландыруды анықтау үшін қолданыстағы шешімдер мен тәсілдер зерттелді.

ЕНДІРУ

Коммерцияландыру және тәжірибе жүзінде қолдану

Бұл жоба одан әрі коммерцияландыруға жатады.

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Сарсембаев Айдос Айдарович, PhD

ХАТУ АҚ, ассистент-профессор

Scopus ID: 57201677124

Мукашева Асель Коптлеувна, PhD

Г. Дәукеев атындағы АУЖЭУ КЕАҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 57198816714
Google Scholar
ORCID: 0000-0001-9890-4910

Жанабеков Жандос Омарович, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор, докторант

Scopus ID: 57422410600
ORCID: 0000-0001-5984-7132

Үкібасов Баубек Мұратұлы, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор, докторант

Scopus ID: 58759292400
ORCID: 0000-0002-0439-0187

Муртажан Зарина

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, докторант

Болшибаев Айдос Алтынбаевич

«Мобайл Телеком Сервис» ЖШС, жүйелік аналитик

Бегзатқызы Ырысгул

ХАТУ АҚ, бухгалтер

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы